Тақырыбы: «Ұстаз ізденісі» (БАЯНДАМА)

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жоспары:

 

І.Кіріспе

Сыни  тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

1.    Технологияны пайдалану тиімділігі

2.    Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта колдану

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе

Сыни  тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

 

                                                                           Ұстаз болу өзіңді аямау,

                                                                            Өзгенің бақытын аялау.

                                                                                                           Зейнолла Қабдолов

           

            Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.

              Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Дәл осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Оқытушы бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық  белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана  белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының  ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен  алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. СТО  бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және  уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Мен 2006 жылы Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясы базасында «Сыни тұрғыдан ойлау» қоғамдық бірлестігі жұмысы барысында осы оқуды игеріп қолымасертификат алдым. Содан бері сабақтарымда СТО технологияны қолданып келемін.Бұл оқу өзімнің   ой- толғанысыммен философиялық өзгеруіме  мүмкіндік берді.

 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90 жылдарда оқытушылар үшін әйгілі бола бастады. СТО жобасында 80-ге жуық «стратегиялар» бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу оқытушының шеберлігіне байланысты.

Ұстаз үшін ең басты мәселе оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.

                      ІІ. Негізгі бөлім

1.      Технологияны пайдалану тиімділігі

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Біздің  елімізге Джорж Соростың  ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы оқушы бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.  Ол үш кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау»,«Түртіп алу»,«Ойлану»,«Жұпта талқылау»,«Болжау»,«Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

II. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT.Oл бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V білемін+ білмеймін-  мен үшін жаңа ақпарат? мені таңқалдырады –

белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

III. Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Кубизм» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

         Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Оқытушы-ұйымдастырушы, бағыт беруші, сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші оқытушы емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады, яғни оқушы-басты тұлғаға айналады, «оқушы оқу әрекеті-мұғалім» жүйесі қажет болады. Бұдан оқытушы рөлі төмендемейді, тіпті 2-3 есе жоғарылайды, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді әр оқушыға лайықтап ұйымдастырушы, оқушының қабілет көзін ашушы тұлға. Сөйтіп өз тәжірибемізде осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір-бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын көріп отырмыз. Дәл осы тоғысудан ізденгіш оқытушы өзі үшін көп нәрсе алары сөзсіз.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын ала отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

2.      Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолдану

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушы мен оқытушы арасында өте жақсы ынтымақтастықтың орнауына да жағдай туғызады. Оқушының даму психологиясын, әр оқушының сабаққа қатысуын, ынтасын бақылап, бағалауға мүмкіндік береді.   

Енді осы стратегиялардың мақсат-міндеттерін 10 сыныпта өтілетін «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері» атты сабақта қолданғанмын соған  толығырақ тоқталып өтейін. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сыни тұрғысынан көзқарастарын одан әрі дамыту.

б) тәрбиелік:  Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы, жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы,мультимедиялық тақта,суреттер

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту.

а) Жуан-жіңішке сұрақтар:

Оқушыларды екі топқа бөліп топтың атын қойып, топ басшысын тағайындау.Топ басшылары үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереді:

      1-ші топ «Шаңырақ»

      2-ші топ « Мұрагер»

 «Шаңырақ» топ басшысының 2-ші топқа сұрақтары:

1.Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қай тайпаның қыздарының билерін суреттейді? (Қаңлы).

2. Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай деген сөзді айтқан кім?                                          (Г.Н.Потанин).

3. «Қазақ халқының 100 әні» кітабының авторы кім? (А.В.Затаевич).

4. Елге жау шапқанда хабар беретін музыкалық аспап? (Керней).

 2-ші «Мұрагер» топ басшысының «Шаңырақ» тобына сұрақтары:

1.     Бақсы-балгер зікір салғанда пайдаланылатын аспап? (Асатаяқ).

2.     Қазақ ұлтың әлемге танытқан аспап (Домбыра).

3.     Балшықтан, қамыстан,мүйізден жасалатын аспап?(Сазсырнай)

4.     Соқпалы музыкалық аспаптар?(Даңғыра, дабыл,шыңдауыл,астаяқ)

 1-ші топ басшысына сұрақ:

  Ұлттық аспаптар неше түрге бөлінеді? (үрмелі,ұрмалы,ішекті).

Үрмелі аспаптарды ассоциала.

2-ші топ басшысына сұрақ:

   Қазақ өнерінің түрлерін ата?

  (Қолданблы өнер,сурет,би,ән-жыр,айтыс,терме т.б).

   Ішекті аспаптарды ассоциала.

Оқушылар сендердің өткен тапсырманы жақсы меңгергендерін өз жауаптарынан белгілі болды. Енді мультимедиалық экранға көңіл аударыңдар. Тақтадан қандай суреттер көріп тұрсыздар? Суретке қарап    жаңа сабақтың тақырыбын қалай қоясыздар? (оқушылардың жауабы).

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері». Сабақтың жоспары:

1.Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

2. Ұлттық ойындар.

3. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

4.Діни наным-сенімдер.

Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен ру-тайпалық дәрежеден бастап

XIV-XV ғасырлар тұтас халықтық дәрежеге жеткенше  салт-дәстүріміз

этникалық үдерістерге байланысты өзгерістерге ұшырап отырды.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей бізге жеткен тәрбиелік мәні

зор бүгінгі ұлттық салт-дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.

Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамының негізгі арқауы болған қаңлы,үйсін, керей,найман т.б ру-тайпаларының рухани мәдениеті дамып,

жалғасын тауып бізге жетіп отыр.  

  II.Мағына тану

   а) Мәтінмен танысуға 5минут уақыт беріледі.

   ә) Кластер 5 минут уақыт беріледі(ватман,маркермен жұмыс)

     1.«Шаңырақ» тобына «Отбасына байланысты әдет-ғұрып»

     2. «Мұрагер» тобына «Ұлттық ойындар»(мәтіндерімен жұмыс жасайды)

  2-топқа сұрақ:

1.Теледидардан ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген қандай хабарларды

білесіздер? («Дала думаны», «Айтыс» т.б)

  2. Бүгінгі күні телехабарлардан ұлттық ойындар көрсетіле ме?

       (алтыбақан,көкпар, тоғызқұмалақ, күрес т.б).

  3. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап жүрген сән орындары бар ма?

       («Сымбат», «Кенже» т.б)

   Ұлт дегеніміз не? Өзіміз анықтама берейік.

     Ұлт дегеніміз- белгілі бір аймақта тарихы қалыптасқан адамдар тобының

  әлеуметтік-этникалық бірлестігі.

 III. Толғаныс

      а) «Бағалау және жоспарлау»

      ә)  Т кестесі.

       2 топқа тапсырма:

     Сіздер шет елге қазақтың ұлттық құнды бір затын апаруларыңыз керек.

 

Өзі әдемі,ұлттық нақышы бар, сынбайтын,ыңғайлы,сапалы,қауіпсіз болуы шарт.Енді осы қазақы символды кім шет елге апарады екен? Сурет арқылы жеткіземіз. Бұл кімнің идеясы? Кім сурет салды?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.94 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 132

Похожие материалы