Тақырыбы : Сыныптағы диалогті дамыту (Мастер класс)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Магзум Нурланбек Магзум
|
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жеке тұлға дегеніміз – қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің нәтижесінде саналы әрекет, қарым-қатынас жасайтын, рухани, зерделілік мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам. Олай болса, жеке тұлғаны дамыту ұшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып, тәрбиелеуіміз керек. [1]
Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігін, парасаттылығын, ақылдылығын, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек. [2]
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. (Цицерон)
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты – оқушылардың алған білімінің терең болуы және алған білімінің оқушы есінде сақталуы. Білім оқушының есінде сақталуы үшін оқушы осы білімді өзі қалыптастыруы қажет, яғни мұғалім сабақта оқушыға осындай жағдай тудыруы қажет.
Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.
Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. [3]
Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға түскен тапсырмалар, оқушы мен оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы есінде ұзағырақ сақталады және олар қойылған қалың сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады.
Осы мақсатта мен өзімнің сабақтарымда диалог арқылы оқытуды пайдалануға тырыстым.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.1 Mb |
Количество скачиваний: | 5 |