Тақырыбы: Құтты болсын, Жаңа жыл!

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

             Мақсаты:Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру.Ән айтуға, мәнерлеп тақпақ айтуға тәрбиелеу.

Тіл байлығын танымын артыру.

       Көрнекілігі: Безендірілген шырша, жеңіл ырғақты музыка, плакаттар.               Барысы: І. Ұйымдастыру.

   Буратино: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

                   Сіздерге айтар жаңалық бар!

  Жүргізуші: Айта ғой, жаңалығыңды.

  Буратино: Айтсам, айтайын. Жаңа жыл келіп қалды

  Жалмауыз кемпір: Уф! Әй, шуылдақтар, неге шулап жатырсыңдар? Бұл не той? Мынау не, жалтырап тұрған, мен оны өртеп жіберейін?

  Балалар: Тимеңіз, бізге Жаңа Жыл келеді.

  Жалмауыз кемпір: Мен сендердің Жаңа жылдарыңды, Аяз ата мен Ақшақарларыңды қамап кеттім

  Балалар:  Әже, әже сіз сондай әдемісіз, өзіңіз сондай қайырымдысыз.

  Жалмауыз кемпір: Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, тапсаңдар бәрін босатамын.

        1. Аспан жерге төгетін,

                 Ақ күмісін уыстап.

                 Жаңа Жыл келетін,

                 Қай мезгіл балалар? (Қыс)

         2.Көлге жапқан қақпақ,

           Сіресіп тұр қатты- ақ.(Мұз)

              3 Тікен ,тікен, тік пісте,

  Қысы- жазы бір түсте.( Шырша)

  Жалмауыз кемпір:Жарайды, босатайын бәрін.

(Жалмауыз кемпір кетеді)

  Жүргізуші:Ендеше, кешімізді бастайық, балалар!

  Балалар: Бастасақ, бастайық!

    1- жүгізуші: Армысыздар, құрметті ата- аналар, оқушылар, қонақтар!

     Жаңа жыл құтты болсынІ Отбасыларыңызға құт- береке әкелсін.

    2-жүргізуші: Біздің жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келіпсіздер

Жүргізуші:Ескі жылдың бізге реніші жоқ деген үміттеміз.Жаңа Жылды      қарсы алайық.

      Балалар: Жаңа жыл! Жаңа Жыл!(Жаңа Жыл келеді)

      Ұлу:   Армысыздар, достарым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

                 Ұлу жылы-әрекетті,

                        Ұлғайтады берекетті

      1-  жүгізуші: Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,

                       Жетектеп, нұрлы ертеңге, таныс күнге.

                       Үміті адамзаттың жарқылдайды,

                       Ойнаған  күн нұрындай қар үстінде.

1-      жүгізуші: Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі,

                      Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

                      Жаңа жыл- партадағы лүпілдеген,

                      Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Хор: Зырлайды шанамыз

 

1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

                       Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

                       Сөз берелік құрметтеп өзіңізге,

                       Балаларға арналсын тілегіңіз.- дей келе, мектебіміздің басшысына сөз     береміз.

                 1.Қол ұстасып, құшақтасып,

                    Үйренейік жаңа жыр.

                    Құтты болсын, құтты болсын,

                    Құтты болсын Жаңа Жыл!

                       2.Жаңадан тақпақ,

                          Аламыз жаттап.

                          Жаңа жыл келді,

                          Жаңа жыл аппақ.

                       3.Тілеймін мен бар әлемге,

                          Дос көп болсын жанашыр.

                          Ата- әже, ата- әже,

                          Құтты болсын Жаңа Жыл!

    Хор: Қыс қызығы

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 368 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 131

Похожие материалы