Тақырыбы:Ұлыстың ұлы күні шежіресі

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ұлыстың ұлы күні. Баяндама.

Автор: Аубакирова Асем Бейбитбековна

22 Наурыз – Жыл басы. Біздің данагөй халқымыз жаңа келген жыл басының алғашқы күнін 22 наурыздан бастап санаған. Бұл дәстүр Шығыстың басқа да халықтарында бар. Алайда наурыз айының бұл жұлдызында нағыз жаңа жылдың, жаңа күннің жаңаруы табиғи түрде бастау алатынын біздің бабаларымыздай дәл есептеп, уақытты мөлшерлей алған халық жоқ.

Мейрамның бастау алуы
Наурыз - өте көне мейрам. Мұнан 2,5 мың жылға жуық уақыт бұрын күн мен түннің аспандағы теңелу нүктесі тоқты шоқжұлдызы тұсында болғандығы, оны бабаларымыздың білгендігі мәлім болып отыр. Бұл шоқжұлдыздың тоқты шоқ-жұлдызы аталуының өзі-ақ оны дәлелдейді. Егерде бұл шоқ жұлдыздан қойды, оның мүйізін көздеріне елестетпесе дәл осылай атар ма еді?

Әбу Райхан Бируни, ОмарҺаям, тағы да басқа ертедегі ғұламалардың шығармаларында наурыз мейрамы, оны сол кездегі халықтың қалай тойлағаны жөнінде деректер бар. Наурыздың парсы тілінде-гі «нау» (жаңа), «руз» (күн) деген сөзінен шыққанын еске алсақ, «нау» сөзінің индо-еуропалық халықтардың даралануынан да бұрын қолданы-лғаны, одан бері ғана 5000 жылдан астам уақыт өткендігі ойымызға оралады. 

Жыл басы болу себебі

22 наурыз неліктен Жыл басы? Себебі, қысқы ұзақ түн қысқара-қысқара келіп, наурыздың 21-інде он екіде 12 сағаттық уақыт болып теңеледі де 22 наурызда секөндтеп жарығы ұзара береді. Бұл да 22 наурыздың жыл басы болуына ғаламдық заңдылыққа сәйкес. Қазақтар жыл санауда өзге халықтардай ай мен күнге емес, негі-зінен жұлдыздардың қозға-лысына сүйеніп, есептеу жүргізген. Жаңа жылдың 22 наурызда басталуы Жердің Күнді айналуы жолындағы қозғалуының да ерекшелігіне сәйкес дұп-дұрыс. 

Және де көктем наурыз-дың жиырма екісінен, жаз маусымының жиырма екі-сінен, күз қыркүйектің жи- 
ырма үшінен, қыс желтоқ-санның жиырма үшінен басталады. Жаңа жылдың 22 наурыздан басталуы Жерді Күннің айналуы жолындағы қозғалуы ерекшелігімен сәп-сәйкес. 

Қызыр аралайтын түн

Қазақ халқының ежелгі наным-сенімі бойынша,Ұлыс келер түні әр үйді Қызыр (Қыдыр) ата келіп аралайды. Ол өте көп жаса-ған жан болғандықтан, оны Бақ жетелеп жүреді. Ұлыстың ұлы күнінің та-ңын көзімен атыру үшін Қызыр ата түн ортасы ауа дала кезеді. Сол түні Қызыр жолыққан адам өте бақытты болады. Адам баласының өмірінде оған Қызыр ата қарапайым адам түрінде үш рет жолығады. Ешкім де оны білмейді. Қызыр ата Ілияс пайғамбардың екінші аты деген де түсінік бар. Осыған орай Түркияның кейбір өңірлерінде наурызға Қы-дыр-Ілияс есімдерін қосып айтудан шыққан «Қыдыр- еллез» күні бар. Бұл күні түркиялық бауырларымыз от жағып, оның үстінен аттап өтіп, өзіндегі дертті аластап жатады. 

Наурыз атаулары

Халықаралық Наурызмейрамын көп халық тойлайтындықтан, ол тұрмыс-салтында бағзы заман-нан-ақ орын алғандықтан, осынау үлкен мейрам әртүрлі аталады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғды-лықтар «наусарыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп атап, сән-салтанатымен жоғары дең-гейде өткізген. Қазақтар бұл мейрамды «Әз-Наурыз» дейді. Халқымыздың ежелгі наным-түсінігінде «наурыз-дың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі, оны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды». 

Наурыздың Ұлыс күні деп жариялануы

Діни аңыздар бойынша, бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жай-лаған топан су кері қайтады. Осы кезде кемедегі жан-жануарлардың барлығының жерге табаны тиіп, бәрі де көктен түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Нұх пайғамбар сол сәт бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды... 


Ұлыстың мағынасы

Бұл мекен-аймақ, әкімшілік мағынасындағы көне түркі сөзі. Негізінен, ұлыс түркі-моңғол халықтарында бірне- 
ше мағыналы. Алтыншы ғасырда ол мекен, қала мағынасында айтылды. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір 
ұлына иелік бөліп бергенінде олар ұлыс деп аталды. 16-19 ғасырларда Сібірді мекендеген буряттар мен қал- 
мақтарда рулық бірлестіктегі әкімшіліктің атауы – ұлыс болды. Сөйтіп, әрбір ұлыс орда саналды, оны ноян биледі, ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді, оларды старшындар басқарды. Бір-неше ұлыстың нояндары тайшыға бағынып, халқы отырықшы тіршілікпен шұғылданды. Ұлыс – Орта Азия халықтарында аймақ мағы-насында. Оны Ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы деген атаулар дәлелдейді. 

Наурыз туралы әфсаналар

Наурыз мейрамына байланысты аңыз әңгімелер көп. Біз енді соның кең тараған кейбіріне ғана тоқталсақ:

* Бір күні Сүлеймен пай-ғамбар сиқырлы жүзігін жоғалтып алады. Сөйтіп, сәл-пәл патшалығынан көз жазып қалмайды ма. Кейін жүзігін тауып алады. Бұл наурыз айында болған оқиға екен. Пайғамбардың жүзігі табылған күн содан бері Наурыз мерекесі болып тойланып келе жатқан көрінеді...

* Парсы патшасы Жәмшіт аңға шыққанында тартқан садағы аңға тимей, жартасты жалап өтіп, содан от ұшқыны пайда болып, жердегі саман шөпті тұтатып, от жағылады. Осылайша от пайда болып, ирандықтар оны киелі санап, өшірмей, ұдайы жағып, оған табынатын болыпты. Сол от пайда болған шақ – Наурыз күні екен...

* Түрік қағанатының патшасы Илхан соғыста жеңіліп, жау оны бала-шағасымен бірге қырып тастайды. Жалғыз-ақ, кенже ұлы Қаян мен жиені Тұқыз құтылып, әйелде-рімен жан сауғалап, тау қоршаған бір алқапқа барып жасырынады. Олар бұл жерге Ергенеқон деп ат қояды. Біраз уақыттан соң бұлардың ұрпақтары ол жаққа сыймай кетеді. Тек сол жерден сыртқа шығатын жол табылмайды. Сонда бір темір ұстасы тау қуысында темір кені барын, соны отпен балқыту арқылы сыртқа шығатын жол салуға болатынын айтады. Ақыры солай жасалып, халық сыртқа шығады. Бұл наурыз күні көрінеді... 

Ай аттарының мағынасы

Бір жылдағы он екі айдың атауы нендей мағы-наны береді, ол табиғат құбылыстарының қайсын меңзейді, көшпенді өмірдің қандай тұрмыс-тіршілігін байқатады, біз енді соған тоқта-лайық.

Қаңтар – күннің қаңтары-лып байланатын, одан сайын тұқырып, қысқара алмайтынын айтып тұрған жоқ па? Және де көнекөз қариялардың айтуынша, қаңтар сөзі аңшылықтың тоқтай-тын шағын, аңдардың күй ой- 
наққа түсетінін білдіреді. Қаңтар – қазақтың «қаңта-ру», «қаңтарылу» сөзінен шыққан дейді, ана тілін зерттеушілер.

Ақпан – қазақтың «ықпа боран», «ақ ықпа» сөзінен пайда болғаны мәлім. Ақпанда мұндай боранды күндер бұрын жиі болған көрінеді.

Наурыз – (март) парсы-ның «нау» (жаңа), «руз» (күн) деген сөзінен шыққан. Ол жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаны паш етеді.

Көкек (сәуір) – құстың келетін мезгіліне қарай айтылған. Екінші болжам: көкек сөзі «көк», «әлі көк», өсіп жетілмеген деген ма-ғынаны білдіреді. Бұл айда қар кетеді, күн жылынады, көкек шақырады. Көкек айын чулым татарлары қарғи ай, саяндықтар құстың шашқы айы, алтайлықтар кәндік айы, шорлар мен тофалар көрік айы деп атайды. Сәуір арабша - өгіз.

Мамыр – құстардың ұя басып, ұшпай жатқан шағы – «мамырға жығылды» деп айтылатындықтан шыққан атау. Қазақтар қаздың, аққудың жаңа туып, ұша алмайтын, топшысы бекімеген үрпек балапанын да мамыр деп айтады.

Маусым – отамалы деген де атауы бар. Жердің отайып, молыққанын білдіреді.

Шілде – парсы тіліндегі «шіллә» («чілле») сөзінен шыққан. Мағынасы – қырық. Жаздың қырық күн ыстық болатынын айғақтайды. Қазақтарда «қырық күн шілде» деген сөз бар.

Тамыз – сарша тамыз деген де атауы бар. Бараба татарлары «сарғақ ай», алтайлықтар «құраң сыбыржып», дейді. Тамыз атауы қазақ тіліне көне сирия тілі арқылы ежелгі вавилион тілінен ауысқаны белгілі. Бұл ай ежелгі вавилионша – «тамузу». 
Қазақ халқында тамыз – «күйдіру» деген мағынаны білдіреді. Мұнан – тамыздық сөзі туындайды. Күннің қатты ысып, шөптің басының қурайтыны да осы айда.

Қыркүйек – қошқарға, текеге күйек байланатын ай екенін аңғартады.

Қазан – парсы тілінде – күз. Осы уақытта алғашқы үсік жүреді, күн суыта бастайды. Ауа-райы үнемі бұлттанып, жаңбыр жиі жауып, жел көтеріліп, қураған шөптер салқын желдің әсерінен қарайып кетеді. Қазақтар мұны «қазан ұрды» деген.

Қараша – осы айдағы жер-дің оты кетіп, бет-бедерінің қоңырайланып қараятынын меңзейді. Сондай-ақ, орта ғасырларда бұл айда хан мен бектер халықтан салық – қараж жинаған. Қараша осы қараж, қаржы деген сөзден шықты дейтіндер де бар.

Желтоқсан – кейде оны тоқсан деп те жатады. Әуелде күз айлары желдіден басталып, тоқсанмен аяқтал-ғандықтан, осы екі сөз бірігіп, қыстың бірінші айы осылай аталған. 

Айлардың асыл тастары 
Ежелгі наным-сенім бойынша әр адамның қолдаушы пірі, жебеуші періштесі бар. Және де адамның туған күніне байланысты тек өзіне ғана тән жұлдызы болады деп есептелді. Соған сәйкес зодиактік шоқжұл-дыздар тобының әрқайсының он екі айға тән асыл тастары мынандай:


Наурыз – көгілдір (көгілдір – жасыл) – алмаз – гауһар – күш – қуат тасы. 
Мамыр – жасыл – изумруд – зәмүруд – береке, махаббат тасы. 
Маусым – ақшыл көк – жемчуг – меруерт – тазалық тасы. 
Шілде – қызғылт – рубин – жақұт –сәт тасы (сәттілік). 
Тамыз – сарғылт жасыл – хризолит – Жазағ – денсаулық тасы. 
Қыркүйек – көк – сапфир – лағыл – даналық тасы. 
Қазан – ала – опал – ақық – бақыт тасы. 
Қараша – сары топаз –асаф – адалдық тасы. 
Желтоқсан – көкшіл – бирюза – пәруза – батылдық тасы. 
Қаңтар – қызыл – гранат – дүр (тила) –үміт тасы. 
Ақпан – күлгін – аметист – жамсат – шындық тасы. 

Апта күндерінің асыл тастары


Жұма (Шолпан) – бриллиант, рубин, сердолик, оникс. 
Сенбі (Санжар) – яшма, холцедон. 
Жексенбі (Күн) – гиациит, бриллиант. 
Дүйсенбі (Ай) – изумруд, бриллиант. 
Сейсенбі (Арай) – аметист, бриллиант. 
Сәрсенбі (Айқыз – Болпан) – порфир, топаз. 
Бейсенбі (Шонай) – аквамарин. 

Ғаламшарға (планета) сәйкес асыл тастар


Әйелдер «аталық» тасты, еркектер «аналық» тасты тағады. Жұлдызшылардың пайымдауынша, асыл тастар ғарыштық қуатты бойына жұтып, сақтайды. Бұл қуат ғаламшардың (планета-сайран), жұлдыздардың орнын өзгертуіне байланысты түрлі мөлшерде болады. Сол себепті, әркім өзінің жұлдызына, айына сәйкес асыл тастарды таңдағаны жөн.


Күн: гауһар (алмаз) жазағ (хризолит) т.б. 
Ай: ақық (опал), маржан (коралл), берил т.б. 
Айқыз (Болпан) – Меркурий: зәмүруд (измруд), ағат, т.б. 
Шолпан: меруерт (жемчуг), лағыл, т.б. 
Арай (Марс): жақұт (рубин), дүр (гранат),яшма, т.б. 
Шоңай (Юпитер): пәруза (Фируза), лазурит, т.б. 
Санжар (Сатурн): жамсат (аметист), асаф (топаз), т.б. 

Ұлыстың ұлы күнінде

* Қытайдың ескі тарихи жазбаларында мынандай деректер бар: Ғұндардың патшасы (Тәңір құтылары) Наурыз күні таң алдында, Күн шығып келе жатқанында таудың басына көтеріліп, Күнге бетін бұрып, екі қолын көкке жайып тұрып, өзіне, еліне Тәңірден амандық пен жақсылық тілейді екен. Патша тілегін аяқтап, артына бұрылып қарағанында абыз 9 қоңыр күй тартады. Оның күйі аяқталғанында 365 жігіт қолындағы қобызымен 365 күй тартып, содан кейін ғана той басталады...

* Ертеде грек патшасы Ұлыстың ұлы күні алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісін оған бір күн отырғызған.

* Ұлыстың ұлы күні байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.

 

* Қазақтар ұлыстың ұлы күні басталатын түнде үйдегі ыдыстардың бәрін ырысқа (азық-түлікке), аққа және бұлақ суына толтырып қоятын болған. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 53.13 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 98

Похожие материалы