Тақырып:ХХ ғас.20 жылдырындағы Қазақстандағы ұлттық саяси партиялар

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
«Азамат» клубының мүшелері төменгі көрсетілген пікірсайыстарға қатысып, өз дәрежелерін көрсете білді. Мысалы: «12 жылдық білім жүйесі», «Мектеп оқушыларды өмірге дайындай ма?», «Электронды ойындар зиянды», «Мектеп формасы қажет пе?», «Павлодар қаласының атауын өзгерту керек», «Келісімді әскери қызмет » т.б.Пікірталас клубының әр жылдары болған белсенді мүшелері, аудандық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары:Кенжетаева Айгүл, Касенова Айгерім, Алшынбаева Анаргүл,Нуркина Айымгүл , сонымен қатар Кенжебаева Ақмарал,Дүйсембай Әлімжан,Букейханова Шынар,Жақан Диас,Кенженова Бағдатгүл т.б. Бұл қабілетті, шығармашылық ой-көзқарастары бар оқушылар болғандықтан, пікірталас клубы  олар үшін таным мен шығармашылықтың нағыз мектебі болды деп ойлаймын.Сонымен  қатар жоғары оқу  орындарында әр жылдары  пікірталас  сайыстарына белсенді  қатысқан  шәкірттерім баршылық:Бейсекин Аян(Еуразия Ұлттық  Университетінің тобында Халықаралық дебат турнирінің  жеңімпазы),Толеубаева Аида(ПМУ),Ибраев  Жолдасбек(ПМУ), Кенжетаева Айгүл(ПМПИ)  т.б.Қазақ ұлты үшін пікірталас жаналық емес. Бұл атамыздан қалған мұра. XIX ғасырдың ортасына таман Қазақстанға келген поляк Адольф Янушкевич: «Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі топ арасындағы қақтығыстың куәгері болдым. Сонда Демосфен мен Цицерон туралы ғұмыры еш нәрсе естімеген шешендерге таң қалдым» деп жазған еді.Жоғарыда айтылған Карл Поппер форматы бойынша жүргізілетін пікірталас қазақ ұлттық сөз сайысына жақын, туыстас және сабақтас. Олай болса, тарих пәнін оқытуда қолданылатын пікірталас  оқытудың жаңа, ұлттық үлгісі бола аларлық дәрежеде. Ендеше осы жоғарыда ұсынылған сыни түрғыдан ойлау және пікірталас технологиялары мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сай, мектепте оқу үрдісіне қажетті әдістер, оқушылардың тәртібіне, оқу ынтасына, ізденісіне игі әсер етеді және оқу-тәрбие үрдісінің күре тамырының рөлін атқара алады деп ойлаймын.Сонымен қатар өзімнің тәжірибемнің  негізінен құрастырылған «Гуманитарлық бағытқа арналған пікірталас жинағы» Павлодар облысының Инновациалық орталығының арнаулы рецензиясын алып жарияланды.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.83 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 170

Похожие материалы