Түбір мен қосымша (2 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Успанова Диляра Бауржановна
|
Бұл сабақ жоспары 2 сыныпқа арналған.Қазақ тілі пәнінен, түбір мен қосымша тақырыбы. Ұйымдастыру барысында мен балалардың құрал-жабдықтарын тексеріп, назарларын сабаққа аударамын. Үй тапсырмасын тексеруде Эдвард де Бано «6 ойлау шляпасы» технологиясын пайдаландым. Жаңа сабақты мен ертегіден бастадым.Ертегінің мәні түбірсіз қосымша болмайтындығында. Одан әрі мен достық туралы мақал-мәтелді түсіндіре отырып, балалардың бір-біріне деген достық сезімдерін ояттым. Содан соң тағы да бір рет түбір мен қосымшаның ережесін қайталап кеттім. Енді практикалық бөлімге көштім. Бірінші оқулықпен жұмыс жасатқыздым. 272-жаттығу ауызша орындалды. 273-жаттығуды балаларды тақтаға шығартқызып, орындатқыздым. 274-жаттығу өздігінен орындалды. Шағын диктант жазғыздым. Содан соң тапсырма берілді. Жалғауды табу. Сабақты қорытындылау кезінде карточка тараттым. Бұл карточкада қосымшалар мен түбір сөздер аралас берілген. Соларды сәйкестендіріп жазу керек болды. Үйге 276-жаттығуды бердім. Сабақтың соңында сабаққа жақсы, белсенді қатысқан балаларды бағаладым.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.4 Kb |
Количество скачиваний: | 133 |