Технология пәнінен 5-9 сыныптарға арналған Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 «Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

1. Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы    23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыттын қаратырып

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2)ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4)металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6)электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

6. Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

 

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.01 Kb
Количество скачиваний: 566
Просмотров: 758

Похожие материалы