Технология сабағында жобалау әдісін қолдану

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, технология пәнінен алған біліміне, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты.

Жоба - әртүрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте қүрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың, т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны, бірнеше оқушы бірлеісп орындас, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.11 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 117

Похожие материалы