Здесь была ссылка на работу Телекоммуникациялар және желілер автора Калакова Гульсим Кабдуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Желілер мен телекоммуникациялар. «E-learning» электронды басқару негіздері Мақсаты: компьютерлік желілерді құрудың негізгі принциптерін және жұмыс істеуін зерттеу. 1. Есептеу желі ұғымы. Компьютерлік желілердің классификациясы.. 2. Жергілікті есептеу желілері. Жергілікті желілердің топологиясы. 1 Есептеу желі негізгі ұғымы. Компьютерлік желілердің классификациясы Компьютерлiк желiлер - байланыс каналдар көмегiмен бiр жүйеге бiрiктiрiлген компьютерлердiң жиынтығы. Желiнi құрастыру үшiн оған кiретiн компьютерлер ақпараты алмастыру каналдарымен байланыстыру керек – байланыс каналдары, ал компьютерде желiде жұмысты ұйымдастыратын арнайы программалық қамту орнатылу керек – желiмен басқару программалары. Желiдегi жұмыс технологиясы және пайда болатын мүмкiндiктер, байланыстар каналдарының ұйымдастыру тәсiлдерi мен программалық қамтудан тәуелдi болады. Желi абоненттерi – желiде ақпаратты пайдаланатын объектiлер.Абонент ретiнде жеке ЭЕМ, ЭЕМ комплекстерi терминалдар, өндiрiстiк роботтар, сандық программалық қамтуымен станоктар және т.б. болуы мүмкiн. Желiнiң абонентi станцияға қосылады. Станция - ақпаратты жiберу және қабылдаумен байланысты функцияларды орындайтын аппаратура. Абонент және станция жиынтығын абоненттiк жүйе деп атайды. Абоненттiң өзара қатынасын ұйымдастыру үшiн физикалық тарату ортасы қажет. Физикалық тарату орта – бұл электрлiк шиналармен таратылатын кеңістiк немесе байланыс желiлер және деректердi тарату аппаратурасы. Есептеу желiлердiң классификациясы: Абоненттiк жүйелерiнiң территориялдық орналасуына байланысты есептеу желiлердi үш негiзгi классқа бөлуге болады. - ауқымды желi (WAN–WIDE AREA NETWORK); - регионалды желi ( MAN – METropolitan NETWORK ); - жергiлiктi желi ( LAN – LOKAL NETWORK); Ауқымды есептеу желiсi- әртүрлi елдерде, континенттерде орналасқан абоненттердi бiрiктiредi. Бұл желiнiң абоненттерiнiң арасындағы өзара байланысы радиобайланыс, телефондық байланыс, спутниктi байланыс жүйелер базасында орындалады. Регионалды есептеу желiлер- бiр-бiрiнен алшақтау арақашықтықта орналасқан абоненттердi байланыстырады: ұлкен қала, экономикалық регион, жеке елдер. Жергiлiктi есептеу желiлерi- үлкен емес территорияда орналасқан объектiлердi бiрiктiредi: копьютерлiк кабинет, офис, ұйым т.б.. Ауқымды регионалды және жергiлiктi есептеу желiлер көп желiлiк иерархияны құрастыруға мүмкiндiк болады. Кез-келген коммуникационды желiнiң компоненттерi: таратушы, қабылдаушы, хабарлама, тарату құралдары. Таратушы – деректер түбi болып саналатын құрылғы. Қабылдаушы – деректердi қабылдайтын құрылғы. Хабарлама – таратуға арналған анықталған форматты цифрлiк деректер (деректер қоры файлы, кесте, сұраныс немесе есеп, мәтiн немесе бейне). Тарату құралдары – физикалық тарату орта немесе хабарламалардың таратуын қамтамасыз ететiн арнайы аппаратура.