Тема урока: Ескен Елубаев

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты: білімділік: Ақынның шығармалары туралы түсінік беру, тұйық етістік, жалқы зат есімді қайталап, білімдерін практикада қолдануға үйрету; дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру; тәрбиелік: қазақтың ұлы адамдарын құрметтеуге, олардың қазақ әдебиетіне қандай үлес қосқанын білуге тәрбиелеу; бір - бірін тыңдауға тәрбиелеу;

Көрнекілік материал: үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, оқулық,

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап,  іздендіру, өз бетінше жұмыс, әңгімелеу, өз пікірін айта алу.

 

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Бағалау парақтарын тарату.

Үй жұмысын тексеру: Ескен Елубаев туралы сұрақ-жауап арқылы бекіту.

ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.

Кіріспе.  3-5 минут.

- Сәлеметсіздер ме! Қазір қай жыл мезгілі?

- Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.


Мұғалім: - ... , мен жақсылық тілеймін.

- ... , мен ашық аспан, тыныштық тілеймін.

- ... , мен ұлы жеңістер тілеймін.

- ... , мен зор денсаулық  тілеймін.

- ... , шаттық тілеймін.

- ... , мен қуаныш тілеймін.

- ... , мен ақ жол тілеймін.

- ... , мен сәттілік тілеймін.

- ... , мен жақсы баға алуға  тілеймін.

- ... , мен мол білім тілеймін.


III. Негізгі кезең.

- Бүгін сабақта қазақ халқының ақыны Ескен Елубаев жөнінде мәтінді оқып, талдаймыз. Тапсырмаларды орындаймыз.

Өткен сабақтарымызда өткен жалқы есімдер мен тұйық етістіктермен жұмысымызды  жасалғастырамыз.

-        Ең алдымен екі топқа бөлінеміз, әр топтан лидерді сайлаймыз.

-        Жақсы, күнделіктерің «5» пен «4»-ке толсын!

2. Жаңа сөздермен танысу. 158 бет.  5-7 минут.


Басылу – издаваться - шығару

жинақ – сборник- кітап

жарық көрген – были изданы – басылған, жарияланған

жыр табағы – пластинка – диск,  кассета

жауапты хатшы – ответственный секретарь - көмекші

орынбасар  – заместитель - атқарушы

шығармашылық – творчество- туынды

жекелеген өлеңдер – некоторые избранные стихотворения


Берілген жаңа сөздерге синоним сөздерді табу. Тақтаға жазу. Екі үш сөзбен мысал келтіру.

Ассоциация сөздер:


издавать – выпускать

сборник- книга

появились на свет – были изданы, печатались

пластинка – диск, кассета

ответственный секретарь – помощник

заместитель – исполнитель

творчество- творение

некоторые избранные сихи - отдельные стихи


3. Айтылым. Мәтінді оқу, талдау. 3 минут

Ақынның шығармалары туралы мәтіннен, ең маңыздысын анықтау. (4 - 5 сөйлем). Бірнеше оқушының жауабын тыңдап, қателерін түзетіп, өзі баға қояды. 163-164 бет, 1-тапсырма. 5 минут.

Тапсырма. Кестені толтыру.

Ақынның аты-жөні

Туған жылы, жері

Оқыған жері

Атқарған қызметі

Шығармалары

Аудармалары

Ескен Елубаев

 

 

 

 

 

4. Жазылым – дәптермен жұмыс. 5 минут.

Тапсырма: Жаңа сөздер мен  сөз тіркестерімен сөйлем құру. (өз - өзін тексеру).

Сөз тіркес

Дұрыс, Бұрыстығын анықтау

Есімді білген мен кезде

Мен есімді білген кезде

Бітіргеннен кейін мектепті орта

Орта мектепті бітіргеннен кейін

Ең алғашқы өлеңі

Ең алғашқы өлеңі

Балаларға өлеңдер арналған

Балаларға арналған өлеңдер

Республикалық бетінде баспассөз бастады көріне

Республикалық баспасөз бетінде көріне бастады

Тапсырма: Мәтіннен жалқы есімдерді табу (жалқы зат есімдермен жұмыс, оқушы ережені еске алады). 10 минут. 163-164 беттегі, 1-тапсырма.

Тапсырма: Мәтіндегі етістіктерді тұйық формаға айналдыру. (өз - өзін тексеру). 10 минут. 163-164 бет, 1-тапсырма.

5. Тілдесім. Мәтіннен кейін берілген сұрақтарға жауап беру (мәтін бойынша). (бір - бірін тексеру)  164 бет, ІІІ деңгей.

IV. Рефлексия. «Алты түс» техника бойынша жұмыс. Оқушылар өздеріне бір түсті  таңдап алады. Әр қалпаққа сай сұрақ болады. Сұраққа байланысты оқушы өткен сабақ туралы өз пікірін айтады. 3-4 минут.


Ақ түс: Сабақта кім туралы білдің?

Сары түс: Сабақ  қызық болды?

Қызыл түс: Бүгінгі сабақ сенде қандай көңіл-күй (эмоция) туғызды?

Қара түс: Сабақта қандай қиындықпен кездестің?

Жасыл түс: Сабақта не істеуге болады? Идеяларың бар ма?

Көк түс: Мақсатына жеттік пе? Не білгің келеді?


 

V. Бағалау: Оқушылар рейтинг парақтарында ұпайларын санап, мұғалімге тапсырады. Мұғалім кім қалай жұмыс істегенін талқылау жүргізеді.

 

VI. Үй тапсырмасы: 1) 2-тапсырма. «Не туады, шығады, түседі, келеді?» анықтау 2) 3-тапсырма. Жазбаша эссе жазу. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 204

Похожие материалы