Тематикалық сабақ "1 қыркүйек-білім күні"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кезенбаева Лаура Жомартовна
|
«Балбөбек» 2- сәбилер тобы
Бірінші қыркүйек – білім күні!
Тақырыбы; «Шалқан» ертегісін жандандыру
Тәрбиеші: Кезенбаева Л.Ж.
Самар ауылы 2013 жыл
Тақырыбы; «Шалқан» ертегісін жандандыру.
Мақсаты; Балалардың ертегі бойынша танымдық қабілеттерін арттыру,тіл-байлығын,сөздік қорын,қарым-қатынастарын,мереке қарсаңындағы көңіл-күйлерін ояту,балалармен мереке күнінде уақытты көңілді ,әрі қызықты және тартысты өтуіне ықпал жасау.Ойын арқылы бір –біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі; ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.
Қолданған әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,көрсету, түсіндіру,ойын-жаттығулар,диалог,монолог,көркем сөздер.
Қос тілдік компанент; Шалқан-репка,дедушка- ата, бабушка- әже,ертегі –сказка.
Тәрбиешінің әректі
Іс-әрекет кезеңі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену- ұйымдастыру
Рефлексифті коррекциялаушы
Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сендерді көргеніме қуаныштымын.Балалар бүгін бізде ерекше күн,өйткені бүгін – бірінші қыркүйек білім күні.Олкүн несімен ерекше деп ойлайсыңдар?!
Өте тамаша,сендер дұрыс айтасыңдар.Бүгін біз алтын ұямыз балабақшамызға келдік.Балалар бүгін біз осы мейрамымызға орай Жолдас атайдың бақшасына саяхатқа шығамыз.Сендер барғыларың келеме?
Балалар қуанышпен саяхатқа шығады.
-Балалар,енді біз күннің жылылығын өзімізге тартып,денемізді бос ұстап,алақанымызды жаямыз.
-Алақандарыңа жылу келді ме?
- Балалар сендер жылдың төрт мезгілі болатынын білесіңдер ме?Қане атап көрейікші; Қыс,көктем, жаз,күз.Ал қазір қай мезгіл? Иә қазір күз мезгілі. Сендерге күз мезгілі ұнай ма?
-Күзде жапырақтар сарғаяды. Бау-бақшамыз піседі.Солай ма?!
-Бау-бақшаны кімдер күтеді?Қанеки кім айтады?Үйде болысып,қол ұшын береміз бе?
-Ал енді бізде Жолдас атайдың бақшасына келіп жеттік.Көрдіңдер ме қандай керемет бақша!
-Мына жерде алма, жиде, алмұрт,шие,өрік,қырыққабат,қияр,
сәбіз өсіп тұр.(Әр көкеніс пен жемістерді аттарын атап көрсету)
- Ал, сендер жемістер мен көкеністер туралы қандай ертегілер білесіңдер?
Ғажайып сәт. Бақшаның артынан жасыл киінген,басында шляпасы, қолында ағашы бар бір кісі келеді.
-Ой,балалар қараңдаршы,бізге қонаққа бақша қорғаушысы келіпті.Ол өте көңілсіз екен.Не болды екен,сұрайықшы.
-Сәлеметсіз бе,бақша қорғаушысы! Неге өте көңілсізсің?
-Сәлеметсіңдер ме,балалар.Менің атым-бақша қорғаушысы.Мен бақшаны қорғаймын.Бақшада піскен жемістер мен көкеністерді қорғаймын.Менің адамға да көмегім мол.Балалар мен сендерден көмек сұрай келдім.Сендер маған көмектесесіңдер ма?
-Олай болса Жолдас атайдың бақшасында шалқан өте үлкен болып өскен екен.Ал оны атай мен әжей жұла алмады.Сендер көмектесіңдерші.
Олай болса шалқан ертегісін есімізге түсіріп,шалқанды жұлуға көмектесейік.
(Шалқан ертегісі желісімен шалқанды тартады).
-Балалар енді шалқанды атайға апарып келейік.Олар қуанып қалсын.
Балалар шалқанды атай мен әжейге апарып береді.
Атай;
-Ой,балаларым сендер қандай күшті едіңдер!Біз жұла алмаған шалқанды сендер жұлып бердіңдер.Көп рахмет сендерге. Сендерді бүгінгі мейрамдарыңмен құттықтаймыз.Сендерге өз бақшамның жемісі ретінде мына алмаларды сыйға тартамын.Дендерің сау,үлкен азамат болыңдар.Тағы да мейрамдарыңмен!
Сабақты қорытындылау.
-Бүгін қандай мейрам?
-Балалар, бүгін біз қайда бардық?
-Бау-бақшада қандай жемістер мен көкеністер бар екен?
Балаларды мейрамдарымен құттықтап, «Отбасының бірлігі болса, мықты болады» дегендей оқу іс-әрекетін аяқтау.
Балалар амандасады.
Бүгін –мейрам.
Сабақ басталды.
Біз балабақшаға келдік.
Менің ағам мектепке барды.
Иә, барамыз!
Балалар тәрбиешінің айтқанын жасады.
Иә келді.
Иә ұнайды.
Иә піседі.
Біздің үйдеде бақша бар.
Атам,апам әек-шешем күтеді.
Мен болысамын.
«Қияр мен қырыққабат»
«Шалқан» ертегілері.
Балалар қонаққа амандасты.
Иә көмектесеміз.
Балалар шалқанды тартып жұлады.
Балалар рахметін айтады.
Білім күні!
Жолдас атайдың бақшасында.
Алма, алмұрт, шие,өрік,қызанақ,
Қияр,сәбіз,қырыққабат.
Күтілетін нәтиже; Сабақ ойдағыдай өтті.
Біледі; Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін,жемістер мен көкеністерді айыра біледі.
Меңгерді;Ертегінің мазмұнын меңгереді.
Жасай алады; Табиғат туралы түсініктерін кеңейтті.Ертегі желісімен кейіпкерлердің роліне енеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.78 Kb |
Количество скачиваний: | 61 |