ТЕСТ ПО БИОЛОГИИ
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Алмасбек Алтынбек Алмасбек
|
Алғы сөз
Мектепте «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және адамның табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді танып білуге бағытталған.
Оқытудың мақсаты -органикалық әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық дүниенің көптүрлілігі орта жағдайларына бейімділіктің нәтижесі екенін ұғындыру, эволюциялық теорияның және экологиялық ойлаудың негіздері туралы, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік оның тұрақты дамуының негізі екендігі туралы, тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы туралы негізге алынатын түсініктер қалыптастыру, тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушыларға ұғындыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғыну.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:
1. оқушылардың органикалық табиғатты оқытуда танымдық қызығушылық дамыту;
2. тірі табиғат туралы білімін тереңдету;
3. «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Жалпы биология» бөлімдерін оқып білуге қажет тіректік білімдер мен негізге алынатын түсініктер қалыптастыру үшін жағдай туғызу;
4. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;
5. жаратылыстану ғылымдарын оқу барысында тірі табиғат туралы алған білімдерін дамыту;
6. оқушыларда органикалық дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру;
7. өзінің білімін практикада қолдануға дағдылануды қалыптастыру;
8. оқушыларда табиғатты тиімді пайдалану және қорғау, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология салаларында еңбек ету дағдыларын дамыту.
Сондықтан биология сабақтарында сапалы білім бере отырып, алған білімін бекіту, жүйелеу, тексеру жұмыстарының орны ерекше екендігі белгілі. Соның ішінде тест тапсырмаларының пайдалы жақтары да ұстаздар қауымына белгілі. Оқушы білімін тест тапсырмалары арқылы бекіту, өткенді қайталау, тексеру биология сабағында жиі қолданып жүрген тәсілдердің бірі.
Бұл құрал, «Биология пәнінен 7-сыныпқа арналған тақырыптық тестілер», мұғалімнің көмекші құралы ретінде ұсынылады.
Бұл құралда «Жануарлар» бөлімі бойынша тест тапсырмалары мен жауаптары жинақталған.
Сондай –ақ оқушылардың ҰБТ-ге дайындалуына да үлкен көмегі тиері сөзсіз.
Бұл құрал оқушылардың сауаттылығын арттырып, егеменді еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеуде азды-көпті көмегі болар деп сенемін.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 223 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |