Теңсіздіктерді дәлелдеудің бір тәсілі туралы

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

"Описание материала:

"Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектеп алдында оқушыларға білім берудің сапасын одан әрі арттыру мәселесі тұр.

Мамандандырылған мектептердің жоғары сынып оқушыларын өздері қалаған салаға дайындау жұмыстары оқу-әдістемелік жұмыстарды үзбей жетілдіру, бүкіл оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру жұмыстарымен ұштасып жатыр.

Алға қойған мақсаттарға жетуде математиканың алатын орны күннен-күнге артып келеді.

Себебі қазіргі заманғы ғылым мен техникада, өндіріс пен халық шаруашылығын басқаруда модельдеу мен жобалаудың, зерттеу мен жоспарлаудың математикалық әдістерінің ролі өте жоғары.

Мамандандырылған мектептерде «Математикадан қиындығы жоғары есептер» айдарымен арнайы курс (элективтік курс) оқудың мақсаттары:

– оқушылардың жалпы логикалық ойлау қабілетін арттыру; – оқушыларды әртүрлі деңгейдегі пән олимпиадаларына дайындау; – арнайы қолданбалы есептерді құрып, оларды шешудің тәсілдерін меңгеру.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін істелінетін жұмыстар бірнеше маңызды есептерді шешуге алып келеді.

Арнайы курстың материалдарын меңгеру барысында оқушы төмендегі нәрселерге қол жеткізуі тиіс: – есептердің қойылуын дәл түсініп, басқа адамдарға жеткізе білу; – қолданбалы есептерді тұжырымдай білу және оның математикалық моделін (сұлбасын) жасай білу; – есепті шешудің тиімді тәсілін таңдай білу немесе өз бетінше құра білу;

– алынған нәтижелерді талдай білу және олардың негізінде практикалық қорытындылар мен ұсыныстар жасай білу; – есептерді шешу мен зерттеудің жаңа тәсілдерін өз бетінше меңгеру; – ғылыми газет-журналдармен және әдебиетпен жұмыс істей білу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 254.26 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 139

Похожие материалы