THE THEME OF THE LESSON: MASS-MEDIA
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абилдаева Гулбаршын Мураткызы
|
ХХІ ғасырдың жоғарғы білім беру жүйесі қай бағытта дамитынын түсіну үшін, осы жүйеге жан-жақты байыппен қарай білу керек. Ал, бұл жұмыс сол жүйеге кең ауқымда қарағанда ғана нәтижелі болады. Айтқандай-ақ ғылым мен адам іс-әрекетінің алуан түрлі салаларында жаһандану проблемалары үлкен мәнге ие болуына орай ХХІ ғасырды жаһандану ғасыры деп атауда. Қазіргі кезде ешкім де жаһандану құбылысы болмайды, қажет емес деп айта алмайды. Солай бола тұрса да жаһандануды әркім әртүрлі түсінеді, сондықтан оның ағымдары мен нәтижелері ғалымдардың, мамандардың, сонымен қатар, педагогтардың назарын аударуда.
Сөзбе-сөз «жаһандану» термині «бүкіләлемдік», «жалпыпланетарлық» құбылыс дегенді білдіреді.
«Жаһандану» ұғымының көптеген мәні мен мағынасы бар. ХХ ғасыр соңында интернет арқылы нақтыланған әлемдік ақпараттық кеңістіктің жасалуының куәсі болып отырмыз. Педагогикалық әдебиеттерде соңғы кезде «білім беру кеңістігі» деген термин дүниеге келді, оның аясын кең көлемде қарағанда білім беру аймағында ұлттық шекара мен ұлттық көзқарастардың ауқымынан шығады.
Жаһанданушы ХХІ ғасыр әлемі өзінің орбитасына ақпараттық-танымдық, өзара білім іс-әрекетінің алмасуын жүзеге асырады, ал ол адамдардың әлеуметтікке көзқарасын, мақсатын, құндылықтарын, білім берудің мәнін және ХХІ ғасыр адамының өмір сүру сапасына деген қатысын негізінен өзгертеді.
Жаһандану – модалы термин немесе адамдардың кезекті қиялы ғана емес. Жаһандану бүкіл адамзатқа сын, оның ішінде жоғарғы оқу орны педагогына сын; жоғарғы білімді қай бағытта беру және қалай жаңаландыру керек деген сұрақ туындайды. Осындай кезеңде келешек маман-студент жаһандану дәуірінде табысты болу үшін қалай білімдену керек деген де проблема туындайды.
Қазірдің өзінде жаһанданудың ХХІ ғасыр әлемін түбірінен өзгертетіні айқындалды, білім беру мен тәрбие, құндылықтар, көзқарастардың өзгеретіні белгілі, бірақ бұл процестер қалай және қай бағытта өзгереді, соны айқындауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы жаһандық ақпараттану және мәдени құндылықтарының белсенді бейнесі қалыптасатын жағдайда адамдардың алдында таңдау тұрады. Адамдардың өзін-өзі айқындап алу қажеттігі туындайды. Адамдар қандай құндылықтарға ден қояды, ұлттық құндылықтарды таңдай ма, әлде европалық, америкалық, азиялық стандарттар мен құндылықтарды таңдай ма?
ХХ ғасыр адамы мәдени құндылықтардың тез ауысуына байланысты өзін-өзі айқындаудың жылдам және жоғарғы деңгейдегі таңдай білу қабілетін талап етеді.
Мұндай жағдай тұлғаның өз тағдырына, келешегіне деген жауапкершілікті арттырады. Тұлға заман талабына сай үздіксіз кәсіби деңгейін шығармашылықпен өзін-өзі дамыту бағытын таңдайды немесе тұлға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр деңгейінде жабылып, қоршаланып қалады.
Жаңа өлшем жеке тұлға
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 30.5 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |