Өткенді пысықтау (Зат есім) 2- сынып
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Смагулова Рахат Касымкуловна
|
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің сөйлемде атқаратын қызметін меңгерту.
Дамытушылық: Сөйлем ішінде зат есімді тауып оған сұрақ қоя білуге, сауатты, көркем жазуға үйрету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлем құрап жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі : Аралас
Сабақтыңбайланысы : Анатілі, дүниетану
Сабақтыңәдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, эссежазу.
Көрнекілігі: Мультив. тақта, кесте, үлестірмелі қағаздар
Психологиялық кезең
Үлкенге сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Балалар қазір қай сабақ ?
- Қазақ тілі
- Сабаққа дайынбыз ба?
- Иә
- Үйге қандай тапсырма берілді?
5- жаттығу
Оқушыларды топқа бөлу: I- топ Алғырлар
II-топ Білімділер
III-топ Тапқырлар
Тапсырмалар:
I тапсырма: Әр топқа конверт таратылады, ішіндегі суреттердің атын атап, бір сөзбен оларды қалай атайды.
II тапсырма: Топтарға үлестірмелі қағаздар беріледі. Сөйлемді көшіріп жазып, жалқы есімді тауып астын сыз.
III тапсырма: Зат есімнің көпше түрін жаздыру, қандай зат есім екенін, қалай жасалғанын сұрау.
IV Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
V тапсырма: Үш топқа да сурет бойынша әңгіме құрастыру
Өздік жұмыс:
VI Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз
...тұрды.
... соқты.
... жүзді.
... ұшты.
... басты.
Керекті сөздер: кеме, шағала, толқын, дауыл, бұлт.
VIIІ Қорытынды
І топ Зат есімді топтастыру
ІІ топ Етістікті топтастыру
ІІІ топ Сын есімді топтастыру
Үйге тапсырма : 5 - жаттығу
Бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.54 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |