«Тіл - халық қазынасы» (танымдық сайыс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауының тілдерді дамыту саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында және тілдер күніне орай «Тіл - халық қазынасы» тіл танымдық сайысы ұйымдастырылды. Ортаңғы «Балапан» тобында ата-аналары балаларымен қатысты. Сайысымыз бес кезеңнен тұрды:
1. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
(Бұл кезеңнің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, мағынасын ашып айтып беру керек.) (ата-аналар үшін)
2. «Ойлы болсаң, озып көр»
(Ойынымыздың екінші кезеңінде мақал-мәтелдердің жалғасын табу.) (Балалар үшін)
3. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
(Жаңылтпашты жаңылмай айт) (балалар үшін)
4. «Полиглот»
(Жұмбақтарды шешіп, шешуін қазақ және орыс тілінде айтуы қажет) (ата-аналар және балалар үшін)
5. «Сөз түбін сөз табар»
(Бұл кезеңде берілген сөздің мән-мағынасын ашу, түсіндіру) (ата-аналар үшін)

Тапсырмалар слайдпен ұсынылды.

Әділқазылар сайланды: 1. «Балдәурен» МдҰ әдіскері: А. Қабдығалиқызы

2. Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББМ қазақ тілі және әдебиет пәні маманы, әрі ата-ана Ө. Тельманқызы

3. «Балдәурен» МдҰ психологі: Ф. Дидарқызы
Ойыншылар белсенділік танытып, керемет сайыс болды. Әділқазылар шешімімен марапат қағаздары және балаларға шағын сыйлықтар ұсынылды.
Наурызбай Нұрасыл анасымен «Сөз мерген»
Нұрымбай Сабина анасымен «Озық ойлы»

Жұмабаев Аян анасымен     «От ауызды, орақ тілді»

Қаршыға Шахназ анасымен «Сөзге шешен»

 Қыдырбай Мақсат анасымен  «Жүзден жүйрік»

Еламан Қуанышбек әкесімен «Сөз тапқыр» атақтарына ие болды.

Тапқышбек рөлінде – Аугалиева Назгүл қонаққа келіп көрермендердің білімдерін сынады.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.17 Mb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 134

Похожие материалы