Тіл дамыту- Менің отбасым «Отбасы», үй-іші туралы білімдерін кеңейту

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Амангелді атындағы орта мектебі  МАД «Б» сыныбы

Мусалимова Шынар Ғабитқызы

Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты: «Отбасы», үй-іші туралы білімдерін кеңейту

Міндеті: 

1)    Сөздерді дұрыс айта білуге, отбасы мүшелерін атай білуге үйрету.

2)    Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелесу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту

3)    Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері

Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтасыру

Сабақтың барысы:

І. Ұймдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Жылулық шеңбері:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз

IV. Ой қозғау стратегиясы

Үнтаспадан керемет сөздер тыңдаймыз

Айым, күнім, құлыншағым, ақылдым менің, қошақаным, балапаным, жарығым, жаным, еркем, балым, тәттәм, т.б. еркелететін сздер. Қандай керемет сөздер.

-Балалар осы сөздерді кімдер айтады деп ойлайсыздар?

Ендеше, бұл керемет сөздердің иесі-біздің отбасы мүшелеріміз екен. Олай болса отбасы біздің ең жақын, жанашыр адамдарымыз екен.

V. Негізгі бөлім

Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады. Әрбәр адамның өз отбасы- әкесі, анасы, атасы, әжесі, ағасы, әпкесі, қарындасы, інісі болады. Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады. Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.

VI. Тақтамен жұмыс

Кеспе әріптерімен ата, әже, әке, ана, апа, аға сөздерін жазу, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.

 

 

                                  Ата                                           әже

Отбасы мүшелері

 

 

 

                 Ана                                                                         әке

 

 

                             Іні   

                                       Аға                                   сіңілі

                                                  Қарындас   апа

  VII. Сергіту сәті

Анаң-үнің жүрегің

Әкең-өмір тірегің

Сен-бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Әжең-асыл ардағың

Атаң-дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

VIII. өзіммен-өзім кезеңі

«мен отбасымды жақсы көремін» деп өз ойларыңды әңгімелеп беріңдер.

-балалар өз ойларын әңгіелейді

IX. Сабақты қорытындылау

Отбасы-үлкен қуаныш, мейірімділік, сүйіспеншілік, жылы ұя, қамқорлық ортасы. Отбасы мүшелеріне көмектесу, құрмет, көосету, қамқорлық жасау әрбәр баланың қолынан келеді.

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі бақи жаппасын

Бәле-жала отбасын

Іздесе де таппасын!

 

Өлеңді хормен жаттау

Бағалау, мадақтау.

 

 

                      

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.05 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 169

Похожие материалы