Тіл дамыту сабағынан «Ойыншықтар бізде қонақта» тақырыбының жоспары

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: «Ойыншықтар бізде қонақта»

Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс әрекеті: Тіл дамыту.
Мақсаты: Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту. Күз мезгілі туралы түсініктерін бекіту. Ойыншықтар туралы түсінік беру. Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Ойыншық - игрушка. Қонақтар - гости.
Сабақтың барысы: Топтың іші әдемі шарлармен безендірілген. Балалар екі қатар орындық үстінде отыр.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдерме балалар! Қане барлығымыз орнымыздан тұрып бізге қонақ болып келіп отырған апайлармен амандасып алайықшы.
Жылулық шеңбері
- Амансың ба алтын күн!
- Амансың ба достарым!
- Амансыз ба апайлар,
Тілейміз сіздерге жарқын күн!
Тәрбиеші: - Рахмет балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Балалар: - Көктем деп жауап береді.
Тәрбиеші: - Көктем мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
Балалар: - Көктем күн жылына бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жапырақтар шыға бастайды.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Балалар бізге Сәуле деген қуыршақ қонаққа келіпті.
Сәуле бізге жалғыз келмепті. Ол өзінің көптеген ойыншық достарын ерте келіпті. Қане мұқият қараңдаршы. Сәуленің ойыншықтары пластмассадан, резинадан, мақтадан, ағаштан жасалған екен.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.73 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 144

Похожие материалы