Тіл дамыту.Сурет. Тақырыбы:Күз Акимжанова Бакытгул
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Акимжанова Бакытгул Едилхановна
|
Айгөлек» тобындағы оқұ-іс әрекетіне ұйымдастырылған технологиялық карта.(ересек тобы)
Білім беру саласы: Қатынас.Таным.Шығармашылық.
Бөлімдері:Тіл дамыту.Сурет.
Тақырыбы:Күз
Мақсаты:Күз мезгілі туралы түсініктерін бекіту. Балалардың ой-өрісін,тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту. Сурет бойынша қысқа әңгіме құрастыруға, толықтай сұраққа жауап беруге үйрету.Қайшымен,қылқаламмен жұмыс жасауды үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Аймақтық компонент: Ағаштар
Қостілдік компонент: күз-осень, ағаштар- деревья, жапырақтар-листья, жаңбыр-дождь
Қажетті құралдар:сурет, қылқалам,бояу,қайшы, клеенка, желім, қағаз.
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық кезен
Балалар шаттық шенберге тұрады
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жиылған жылы шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық.
Күз туралы жұмбақ жасырады:
Бұлттар төніп,
Ызғар сеүіп,
Дымқыл туман басады,
Өні тайып,
Дала сырғұлт тартады.
Топқа көңілсіз қоян келеді. Балалармен амандасады. Тәрбиеші қояннан сұрайды: Неге көңілсіз екенің? Күзгі табиғатты сағындым, деп жауап береді.
Тәрбиеші: Сен еш мұнайма, саған күз туралы әңгіме айтып береміз және күзгі ағаштарды суреттеп, жапсырып береміз.
Қоян қуанып келіседі.
-Кім күз айларын атап береді?
-Күзде қандай өзгерістер болады?
-Ауа райы қандай болады?
-Адамдар қандай киім киеді?
Тәрбиеші сурет көрсетеді.
-Мына суретте не көріп тұрсындар?
-Ауа райы қандай?
-Адамдар қандай киім киген?
-Ал кім маған сол сурет бойынша әңгіме тқұрастырып береді?
Аймақтық компонент: Біздің балабақшамызда осындай ағаштар бар ма?
2-3 бала әңгіме құрастырады.
-Көрдіңдер ме балалар, қандай әңгіме құрастырып бердіңдер.
-Ал суретке қандай ат беруге болады?
Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды.
-Ал кім маған тақпақ айтып бергісі келеді?
Күз-орысша-осень
Сергіту сәті:
Енді балалар осындай күзгі табиғатты суреттеп және жапсырып көрейік.
Тәрбиеші үлгі суретті көрсетеді. Жұмыс жасау әдістерін естеріне түсіреді. Қайшымен байқап жұмыс жасауларын айтып өтеді.
Балалар жұмыстарын жасайды.
Дайын суреттерін тақтаға әкеліп қояды. Ең әдемі жұмысты қоян мақтап, рахмет айтады. Орманнан алып келген тәтті сыйлықтарын балаларға береді.
Балалармен қоштасып, орманға қайтады.
Қимылмен шаттық шеңберді орындайды.
Шешүін табады.
Балалар амандасады.
Сурақтарға жауап береді.
-Осындай әдемі ағаштар бар.
-Алтын күз.
-Күз келді
Балалар тақпақ айтады.
Күз-осень
Сергіту жасайды.
Жұмыстарын жасайды.
Балалар қуанады.
Балалар қоштасады.
Қорытынды:
-Бүгін біз сабақта не істедік?
-Кім бізге қонаққа келді?
-Қай жыл мезгілі туралы әңгіме құрастырдық?
-Султан сен бүгін сабаққа қалай қатыстың?
-Жарайсындар, балалар, осымен сабақ аяқталды.
--Әңгіме құрастырдық.
-Қоян
-Күз мезгілі туралы.
Балалар қуанады.
Күтілетің нәтиже:
Нені біледі:Сурет бойынша әңгіме құрастырды. Күз мезгілі туралы түсініктерін бекітті.
Қандай түсініктерін игерді: күз, ағаш, жапырақ, жаңбыр
Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Қайшымен, қылқаламмен ұқыпты жұмыс жасауды меңгерді.
Тәрбиешә Акимжанова Б.Е.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.59 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |