Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері ( түрік, соғда,араб).

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақстан тарихы                 10-сынып

43-сабақ                                   

Сабақ тақырыбы: & 22. Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері (түрік, соғда, араб).

Сабақтың мақсаты: -VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің  дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету;

- тарихи санасы қалыптасқан, қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру;

- ұлтжанды, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқу құралын тексеріп, түгелдеу;

- Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: & 14. Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы.

ІІІ. Жаңа  сабақтың жоспары:

1.     VI-XII ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.

2.     XIII-XV ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.

3.     XV-XVII ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.

1.     VIII-X ғғ.- түркілерде араб тілі кеңінен қолданылды. Түркілердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. ІІ жартысы).

Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері- Солтүстік  Моңғолиядағы Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін (732 ж., 735 ж.), Тоныкөк (716 ж.) құрметіне жазылған. 1893 жылы 15 желтоқсан- дат ғалымы В.Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. В.В.Радлов руна жазуын оқудың кілтін тапты.

Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады.

Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері-«Күлтегін», «Тоныкөк» жазулары.

Қазақстандағы түрік жазуларының ескерткіштері Талас, Іле, Сыр, Ертіс бойынан табылды.

VIII ғасыр- түріктердің жазба әдебиеті шықты.

VIII-IX ғғ. Әдеби шығармалар- «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны.

VIII-IX ғғ.- Сырдария алқабында қыпшақ-оғыз арасында «Қорқыт ата» эпосы тарады. Эпос 12 жырдан тұрады.

«Оғызнама» эпосы ел арасында кең тараған. VI ғ. парсы тіліне, IX ғ. араб тіліне аударылған. XIII ғасыр- Рашид ад дин ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған. XVII ғасыр- Әбілғазы хан толық жазған. «Оғызнама» жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады.

XI-XII ғғ.- әдеби түркі тілі 3 топқа бөлінді: қарлұқ-ұйғыр(шағатай тілі), ұйғыр-оғыз, оғыз-қыпшақ.

Жазу 2 жүйе негізінде қалыптасты: руна жазуы, ұйғыр әліпбиі.

2.     XIV-XV ғғ. Түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп шықты.

XIV-XV ғғ.- қыпшақ тіліндегі жазба әдебиеттің дамыған кезеңі.

«Кодекс куманикус» (Қыпшақ кітабы)- фольклор үлгілері сақталған жинақ (1303 жыл). Венециядағы қасиетті Марк шіркеуінде сақталуда. Халықаралық сөздік ретінде пайдаланылған.

1245 жыл- араб графикасымен жазылған «Терджуман түркі уа-араби» (араб-қыпшақ сөздігі) кітабында шамамен 2,5 мыңдай сөз енгізілген.

1310 жылы жазылған «Қисса Рабзиди» еңбегі аңыздар мен әңгімелерден тұрады.

XIV ғ. 30-ж. Алтын Орда түркі тіліндегі әдеби ескерткіш- «Хұсрау мен Шырын» (авторы Қутб).

1353 жыл- Хорезмидің қыпшақ және парсы тілдеріндегі «Мұхаббатнама» атты дастаны жазылды.

XIII ғ.- «Жүсіп-Зылиха» дастаны, авторы  Әли.

3.     XV-XVII ғасырларда- Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде көне қыпшақ тілі ресми, әдеби тіл ретінде қолданылды.

XV ғасыр- қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналды.

XVІ-XVII ғасырларда- қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады.

XVІ-XVII ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы маңызды шығарма- Қадырғали Жалайыридың (1530-1605 жж.) «Жамиат Тауарих» («Шежірелер жинағы») шығармасы. Кітап араб әліпбиімен жазылған (1600-1602 жж.).

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.)- 1541-1546жж. парсы тілінде жазылған «Тарихи Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен.

Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шығармасы XVI ғ.ортасында жазылған.

XVI ғ. 40-жылдары- Масуд ибн Усман Кухистанидің «Тарихи Әбілхайр хани» еңбегі жазылды.

Шах Махмуд Шорастың «Тарих» шығармасында Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар туралы тарихи деректер келтірген. XVІ-XVII ғасырларда қазақ-моңғол қатынастарының тарихы баяндалған.

XVII ғасыр- Әбілғазы Баһадүр (1603-1664 жж.), Әкесі Арабмұхаммед- Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы. 1661 ж. «Түркмен шежіресі», 1665 ж. «Түрік шежіресін» жазған. Еңбектері шежірелік сипатта жазылған. «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.

IV. Сабақты бекіту:

1.     Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері қай жерлерден табылды?

2.     XIV-XV ғғ. жазба шығармалары қандай?

3.     XV-XVII ғасырлардаАлтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қандай тіл ресми, әдеби тіл ретінде қолданылды?

V. Үйге тапсырма беру: & 22.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.3 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 250

Похожие материалы