"Тіл сабақтарында жазу арқылы сыни ойлауды дамыту" атты коучингке арналған презентация
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Іскендірова Сәния Аманжолқызы
|
“Мармозетка” ойыны арқылы топқа бөліну.
Мәтін үзінділерін оқм отырып, қай шығармадан алынғанын табу. «Тірек сөздер» әдісін қолдану арқылы алдын-ала болжам жасатуға баулу. •1-нұсқа: (1,2,3 - топтар үшін)
Топтар берілген кілт сөздер алда оқылатын мәтінде қалай қолданылатындығына болжам жасайды.
•2-нұсқа: (3,4,5 - топтар үшін) •Топ мүшелері кілт сөздерді пайдалана отырып ойдан өз әңгімелерін құрайды. Испан халқының «Шаруа қалай екі сеньорды алдап соқты» атты ертегісіБаяғы өткен замандабір кедей шаруа өмір сүреді. Ол өмір бойы патшаны басқа адамдардан ерекше деп санап, оны өз көзіммен бір көрсем деп армандайды екен. Барайын десе, патша сарайы орналасқан астана өте алыста еді. Бір күні ол ақыр соңында жолға шығуды ұйғарды.
-Есіңнен адастыңба?-деп ашуланды әйелі. – Қайдағы бір қиялға ақша құртып. Өзіміз де сіңірі шыққан кедейміз. -Мен ол жақтан тісімді де жұлдыра келемін. Соңғы кезде жиі ауырып жүр,-деп шаруа әйелін үгіттей берді. Шаруа күн сайын әйелінің мазасын ала берді. Амалсыздан әйелі шаруаға аз ғана ақшасын беріп, жолға қоя берді.Астана алыс болғандықтан шаруаның бар ақшасы жолға кетті.
Мадридке келген күні ол шіркеуден шығып келе жатқан патшаны көрді.
-Ақымақ басым-ай,-деп өз маңдайын өзі тоқпақтады.-Патша да басқа адамдар секілді екен ғой. Одан да әйелімді тыңдап, ауылымда қала беруім керек еді.Ақшасын санаса, жарты реал ғана ақшасы қалған екен.
Қарны шұрқырап ашқан шаруаның сол сәтте ауру тісі де қақсап қоя бермесі бар ма?!
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 582.26 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |