Здесь была ссылка на работу Тіл автора Игисенова Гаухар Жангирхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа ұлттық құндылық тіліміздің құдіреті мен маңызын сезіндіру қажет деп білеміз. Осыған орай тіл мәселесі бәрімізді де толғандырады. Жастар – қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Тіліміздің өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Еліміздің тәуелсіздік алып, мемлекет ретінде өзін әлемге танытып, өркениетке бағыт алған кезде елдің экономикалық дамуына басты назар аударылды да, ұрпақ тәрбиесі, тіл мәселелері тасада қалып отыр. Тіл - халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірдің үні. Ең алдымен тілді қадірлеп, үлкен патриот иесі бола білуіміз керек. Әр ұлт өзінің тарихын, салтын және ана тілін мақтан тұтады. Дегенмен де, біздің мемлекетімізде өкінішке орай өз тілін білмейтін және білем деп үйренуге талпынбайтындардың бар екендігі және олардың жауапты мемлекеттік лауазымдарда әлі де билік тұтқасын ұстап отырғандығы алаңдатумен келеді. Өйткені ана тілін білмейтін адам ана тілін көктете де алмайды ғой. Ал біз, қазақ елі, бәскекеге қабілетті елдер санатынан ұлтық ерекшелігіміз қазақ тілі арқылы ғана орын ала аламыз.