Тұлғаның қалыптасу процесіндегі бейвербалды коммуникация мен қарым-қатынас мәселелері

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тұлғаның қалыптасу процесіндегі бейвербалды коммуникация мен қарым-қатынас мәселелері.

Адам - бұл әлеумет, осыған орай қарым-қатынас әлеуметтік бағытта жүреді, сондықтан қоғамдағы жағдай қазіргі заманғы жасөспірімдердің қызығушылықтарының мотивациялық құрылымдарының өзгерістеріне тәуелді, осыған орай қазіргі жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшеліктерін игеру өте өзекті мәселе болып отыр. Жасөспірімдік кезең тәрбиелік жұмыстардағы ең күрделі кезең болып табылады және жасөспірімдік кезеңнің қиындықтары жыныстық пісіп-жетілумен байланысты.

Тұлғаны тәрбиелеудегі күрделі тапсырмаларды шешуде ең маңызды рөл - тұлғаның қарым-қатынас жасай алуында болып табылады, осыған орай, жасөспірімдік кезеңде ұйымдастыру, коммуникация секілді қасиеттердің дамуы өте маңызды рөл атқарады. Жасөспірімдік кезеңде жасөспірімдер арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің жоғары екендігі байқалады. Сондықтан келешекте тұлғаның жан-жақты дамуы үшін, ең алдымен оны қарым-қатынасқа ерте кезден дағдыландыру керек. Адамның психикалық дамуында қарым-қатынастың рөлі аса үлкен мәнге ие, өйткені белсенді қарым-қатынасты ең алдымен жанұя мүшелерімен, кейін құрбыларымен орната отырып, жасөспірім дамыған тұлға болып қалыптасады. Қазіргі таңда қарым-қатынас «күресі» немесе «қиындығы» әр түрлі бағыттар бойынша қарастырылуда. Мысалы, Т.В.Драгуновтың көзқарасы бойынша, іс-әрекеттің негізгі түрі - бұл қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынас жасөспірімнің мінез-құлқының, жүріс-тұрысының, іс-қимылының барлық жақтарын анықтайды.Қарым-қатынас процесі кезінде жасөспірімдерде әр түрлі қиындықтар пайда болады. Қарым-қатынастағы мұндай қиындықтар психологиядағы ең күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады. Ал, А.Н.Леонтьев қарым-қатынас кез-келген іс-әрекетте байқалады деп есептесе,В.М.Соковин (1974 ж.) тұлға қарым-қатынасын коммуникация, іс-әрекет, қарым-қатынас ретінде қорытындылайды.

Қарым-қатынас жасау арқылы балалар қандай да бір байланыс құрады, әр түрлі әрекеттерге енеді. Барлық зерттеушілер (Л.С.Выготский 1984, Л.И. Божович 1968, И.С. Кон 1989 және т.б.) мен психологтардың айтуы бойынша, жасөспірім үшін ең маңыздысы – бұл оның құрбыларымен қарым-қатынас жасауы. Бұл жастағы жасөспірімдер үшін ең бастысы құрбыларымен бірге болу ғана емес, сонымен қатар достарының арасында қандай да бір статусқа ие болу. И.С.Конның зерттеулері бойынша, мұндай әрекеттерге қол жеткізе алмау көбіне жасөспірімдердің құқық бұзушылығының бір себебі болып табылады. Ол жасөспірімдердің өз тобына қатысты кикілжіңдердің жоғары болуымен қоса беріледі. Жасөспірімдер өмірінде қарым-қатынастың маңызы өте зор және бала өскен сайын ол да ары қарай дамып отырады. Қарым-қатынас арқылы тұлғаның кәсіби әрекеттегі жетістігі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі, және әрқайсысының өзіне тән бақыты анықталады.

Жасөспірімдік кезеңнің ең негізгі бағыты – бұл ересектермен қарым-қатынас жасауы, ал ең басты қажеттілік – ата-ананың бақылауынан, қамқорлығынан және де орнатылған ережелер мен тәртіптен құтылу, өзін еркіндікте ұстау. Оған деген себеп көбіне ата-ананың, жалпы ересек адамдардың жасөспірім бойындағы ішкі әлемінің өзгеруіне көңіл аудармауында болып табылады. Абстракті түрде ойлай отырып, ата-ана өз баласы жайлы басқаға қарағанда көп біледі. Бірақ балада болып жатқан өзгерістер тез жүріп жатыр. Ересектер жасөспірімнің есейгенін көре, көбіне бұл процесте оның жағымсыз жақтарын ғана көреді. Осылайша, жасөспірімдік кезеңнің ең басты тенденциясы – ата-анамен, мұғаліммен, жалпы ересектермен қарым-қатынас жасауы.

Қарым-қатынас жасаудың эмоционалды функциясының рөлі екі аспектіде қарастырылады: 1.Адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау тәжірибесін игеру; 2.Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауы – ақпарат алудың ең басты спецификалық каналы (жынысқа қатысты ақпаратты жасөспірім көбіне құрбыларынан жинақтайды, ал оның болмауы жасөспірімнің психосексуалды дамуын кешіктіруі мүмкін немесе оған дені сау емес мінез-құлық берілуі мүмкін). Бұл тұлғааралық қарым-қатынастың спецификалық түрі, жасөспірімдік кезеңнің басында болатын қозғалыстар жасөспірімдегі жаңа қажеттіліктердің, ұмтылыстардың, ересектерге деген талаптарының ұқсастығын анықтайды. Жасөспірімде ересектерге қарағанда өз құрбысына деген түсінікті құндылықтар қалыптаса бастайды. Ересектермен қарым-қатынас жасау толығымен өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуді ауыстыра алмайды. Топтық қажеттілікті, көмекті сезіну бір жағынан эмоционалды тұрақтылықты береді. Алайда жасөспірімдердің қарым-қатынасы эгоисттік болып келеді, ал өз толқыныстарын, реніштерін ашып көрсетуге деген қажеттілігі сезімнен де жоғары болады. Жасөспірімдік кезең үшін өз құрбыларымен салыстыруда өзінің көзқарасын құра алуы тән. Жасөспірім үшін ең басты құндылық қарым-қатынас процесіне ену болып табылады. Сонда ғана ол өзін тұлға ретінде сезіне алады. Қарым-қатынас жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді. Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес (мысалы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың болуы), сонымен қатар бірге әрекет ету, бір-біріне әсер ету болып табылады. Жасөспірім қарым-қатынасты тек интеллектуалды деңгейде ғана емес, ол сонымен қатар физиологиялық және эмоционалды деңгейді де уайымдайды. Бұл кезеңде тағы ата-ана арасындағы түсінбеушілікпен байланысты мәселелер де туындайды, көбіне ата-ана өз баласына көп көңіл бөлуге үлгере бермейді, ал мұның өзі жасөспірім үшін маңызы өте зор. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынасқа деген қажеттілік жоғары болған кезде, коммуникативті дағдылар деңгейі көптеген жасөспірімдерде өте төмен.

Тұлғаның дамуының әр түрді кезеңінде қарым-қатынастың өзіне тән ерекшеліктері болады: нәрестелік жаста – бұл эмоционалды қарым-қатынас; мектеп жасында – ойын әрекет, ол арқылы бала адамдар арасындағы қарым-қатынасты және олардың өзара байланысын игереді. А.В.Мудриктің тұжырымдаулары бойынша, құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі жасөспірімдерде өте ерте пайда болады және есейген сайын ол күшейе түседі. А.В.Мудрик жасөспірімдердің мінез-құлқын өзінің белгілі бір спецификасына байланысты топтық болып табылады деп есептейді. Мұндай спецификаны ол былайша түсіндіреді: 1.Құрбыларымен қарым-қатынас жасау – ең басты ақпарат каналы, ол арқылы жасөспірім үлкендерден жинақтамаған ақпарат көздерін алады; 2. Механикалық қарым-қатынастың спецификалық түрі – бірлесіп әрекет етудің топтық ойыны мен басқа да әрекеттер әлеуметтік өзара әрекет етудің, ұжым тәртібіне бағынудың қажетті дағдыларын анықтайды; 3. Эмоционалды қарым-қатынастың спецификалық түрі – топтық қажеттілікті, достық көмекті сезіну жасөспірім үшін ойдағысындағыдай тұрақты сезімді береді.

Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау жасөспірім мінез-құлық, іс-қимыл әрекеттерінің барлық жағын анықтай келе, жасөспірімнің өмірінің нақ ортасында орналасады. Жасөспірімдік кезеңнің басында жасөспірімдер құрбыларымен қарым-қатынас жасауда әр түрлі тәжірибемен келеді, кей жасөспірімдерде ол оның өмірінде ең аз орынды алады, ал басқалары – мектеппен ғана шектеледі. Уақыт өте келе құрбыларымен қарым-қатынас жасау жаңа қызығушылықтарды алып келеді. Жасөспірімдік кезеңде құрбыларымен қарым-қатынас жасау ең негізгісіне айналып, білім, оқу екінші жоспарға ауысады, ата-анамен қарым-қатынас жасау жасөспірімде бұрынғыдай қызығушылықтар тудыртпайды. Мынаны ескере кету қажет, яғни ұл-балалар мен қыздардың қарым-қатынас жасау стилі бәрінде бірдей емес.

Ұл-балалар қыздарға қарағанда жастық шақ кезеңінде қарым-қатынасқа тез түскіш келеді. Ерте жастан бастап олар қыздардан бұрын басқа адамдармен қарым-қатынасқа тез түседі, әрі кез-келген әрекетте белсенді болып келеді. Қыз-балалардың қарым-қатынас жасау стилі тым баяу жүреді, бірақ олар достық қарым-қатынасты ұл-балаларға қарағанда жақсыбағалайды. Ерте кезден бастап ұл-балалар экстенсивтілікке, қыз-балалар интегсивтілік қарым-қатынасқа жақын болады, ұл-балалар жиі үлкен топтармен, қыз-балалар екеу немесе үшеу болып ойнағанды ұнатады.

Қарым-қатынас пен іс-әрекетте жинақталған тәжірибелердің негізінде жеткіншектер мен жасөспірімдерде әлеуметтік-өнегелік өзіндік бағалау

қалыптасады. Өзінің мүмкіндігіне сәйкес келмейтін ауыр эмоциялық күйлер адекватты емес аффектілер деп аталады, ол агрессияның тууын жеделдетеді. Осы адекватты емес аффектілер жеткіншектерді өкпелегіш, агрессиялы жасайды. Сондықтан да мұндай аффектілі күйлер жеткіншектердің тұлғалық дамуы үшін қауіпті болып табылады.

Өзіндік бағалауы жоғары жеткіншектер қарым-қатынас жасағанда қандай қиыншылықтар туындайды?Ол өзін басқалардан сәл ақылдымын деп ойлайтын болса, қоршаған ортада белгілі бір наразылықты туғызады. Мысалы, «Мен қандай ақылдымын» десе, қоршаған ортаға деген сенбеушілік қатынасымен қарағандай болады.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, көптеген жасөспірімдер сынды ситуациялардан, зорлану жағдайынан кетуге бейім тұрады, тіпті өз өмірлерін қию туралы да ойлана бастайды. Ересек жасөспірімнің өзінің ішкі әлемін ашуы оған маңызды, қуанышты, толқымалы оқиға болып саналады, сондықтан да соған байланысты жасөспірімдерде мазасызданған, қобалжыған және драматикалық әсерленулер өте көп болады.

Жоғарғы сынып оқушылары өз мінезінің жағымсыз жақтарына сынды қарайды, сол қырлар құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынасқа түсуге кедергі жасайды, сондықтан да олар оған қатты қиналып, мазасызданады.

Жасөспірімдер үлкендердің рөлін тез алғысы келеді, оған бала сияқты қарым-қатынас жасау ұнамайды, өздеріне шынай құрмет, сыйластық қатынас көрсетуді талап етеді. Жасөспірімдердегі үлкею сезімі, тұлғаның жаңа құрылымдары өзіндік сана сезімдермен тығыз байланысты. Осының бәрі ата-ана мен ересектердің тәуелділік фонында өтеді, сөйтіп жеткіншектер әлеуметтік қауқарсыз, құқықсыз болады. Осы кезеңде өзіндік сана сезімдердің қызу дамуы өтеді, жеткіншек өзінің меншікті бағалауына бағдар жасайды.

Жасөспірімдік кезеңде сәттілік, адалдық, сенімділік өте жоғары бағаланады. Ал сатып бір-бірін сатып кетушілік және өз айтқан сөзінде тұрмау, эгоизм қатты жазаланады. Жасөспірімдер тобында көбіне лидерлік қарым-қатынас өте жоғары бағаланады. Қоршаған ортаның назарын өзіне аударта алмай жүрген жасөспірім үшін лидер болу ол үшін ең құнды нәрсе болып табылады.

Жасөспірімдік кезеңнің екінші сатысында жасөспірімдердің қарым-қатынасы өмірде маңызды рөлді алатын әрекеттің белгілі бір түріне айналады. Жасөспірім үйде көп болғысы келмейді, ол әр уақытынөз достарымен өткізгісікеледі. Бұл –жасөспірімдік кезеңге тән нәрсе. Құрбы-құрдастарымен болған сәтсіздіктер жасөспірімдік кезеңде өте ауыр қабылданады.

Қарым-қатынастың вербалды және бейвербалды тобында көп нәрсені жасөспірімнің өмір сүретін ортасы, оның ішкі ұстанымы анықтайды. Осы тұста бейвербалдылыққа тоқтала кетсек, бейвербалды амалдар қатарына ым, ишара, бейнелеуші (иллюстрациялаушы) кинемалар және мимикалық кинемалар жатады.Ым,тілдік таңбалар сияқты лексикон түзейді. Қол бұлғау − шақыру, қоштасу, жұдырық түю − қорқыту, қол көтеру− сәлемдесу т.б ретінде жұмсалып, таңбалық ақпараттың кинетикалық белгісі ретінде қызмет атқарады. Ишара сөйлеуші қолданып отырған қатысымдық бірліктерге қосымша мән беріп, қарым-қатынастың өту жағдайы мен коммуникантторлардың арасындағы байланысты реттейді. Ишара ресми және бейресми түрде орындалады. Ресми ишаралар конативтік (сыпайылық таныту) қызмет атқарады. Бұл құбылыс негізінен, ресми жиындар мен басқосуларда орындалады. Оған орындыққа қарай қол созып ілтипат көрсету, алдынан шығып қарсы алу, қос қолдап сәлем беру т.б жатады. Бейресми ишаралар эмотивтік (тыңдаушының көңілін аулау) қызмет атқарады. Олар негізінен туыстық, жолдастық, достық, қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы маңдайдан, қолдан, беттен сүйіп амандасу, арқадан қағу т.б сияқты бейвербалды амалдар арқылы орындалады. Баяншы вербалды амалды қолдана отырып, ойының бір бөлшегін бейнелеуші кинема арқылы жеткізуі мүмкін. Мысалы, үлкендігі мынадай торт алу керек дегенде мынадай сөзінің мәні бейнелеуіш кинема арқылы анықталады.

Бейвербалды коммуникацияда көз, қас, қабақ, ерін, тіл, тіс, мұрын т.б арқылы жасалған қарым-қатынастың ерекшеліктері анықталады. Олар адамның ойынан, көңілінен хабар беретін қимыл-әрекеттер ретінде адамдардың бірін-бірі психофизиологиялық тұрғыдан қабылдауын білдіреді. Қ.Жұбановтың «аузын шылп еткізу, аузын бырылдатулар дыбыс пен ымды қосып ұстаған синкретизм түрі» [4,41б.] деген тұжырымына сәйкес бейвербалды амалдардың бұл түрін синкретті мимика деп атаймыз. Келбет мимикасы сөйлеу кезіндегі көз, қас, қабақ, еріннің қарым-қатынастық қызметін анықтайды. Келбет мимикасы айтылған ойға қосымша мағына үстейді. Сөйлеп тұрып тыңдаушының қалай қабылдап отырғанын оның көзі арқылы білуге болатыны т.б келбет мимкасына тән құбылыстарға жатады. Сонымен, бейвербалды коммуникация сөйлеу стереотиптерінің құрамында міндетті түрде жұмсалып, тілдік бірліктердің құрлымдық компоненттері сияқты қандай да бір композициялық тәртіппен үйлесім табады. Сөйлеуші мен қабылдаушының әлеуметтік мәртебесіне, ұлтына, жасына, мінезіне, жынысына байланысты өзіндік қолданылу ерекшеліктері болады және негізінен тілдік қатынастың ауызша түрінде кеңінен қолданысқа түседі.

Адамдардың ым, қимыл-әрекет тілі, үнсіз түсінісу қабілеті белгілі бір кинетикалық амалдар арқылы орындалып, жалпыадамзаттық және жеке халықтық сипатқа ие болады. Адамдардың бір-бірімен өзара ұғынысу, хабар алмасу мүмкіндіктерін жүзеге асыратын мимикалардың танымдық әрекеттері бар. Осыған орай, бейвербалды коммуникация мен тактикалық коммуникацияның өзіндік ерекшеліктері айқындалады. Жоғарыдағы пікірімізді қорытындылайтын болсақ - бейвербалды коммуникация коммуникативтік актіні жалғастыра отырып, адамдардың өзара түсінісуін және қарым-қатынас процесін жеңілдету қызметін атқарады және бұл амалдар тұлғаның қалыптасу процесінде жақсы түсіністік пен нәтижелерге алып келетіндігіне үмітіміз мол.

Пайдаланған әдебиет:

1. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраст//Вопросы психологии. //- 1996. - №1. - 55 б.

2. Бегалиев К.Р. Неправомерные действия подростков и их последствия. А.: 1984. - 145 б.

3. Балаубаева С. Қиын балалар жайлы.А.: 1984. - 170 б.

4. Абрамова Г.С. Возрастная психология. М.: - 2001.- 41 б.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.89 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 142

Похожие материалы