Тоқыма матаны алу техналогиясы

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тоқыма өндірісі

 

Мата -  жіптер жүйесін өзара көлденең - тік айқастырудан туған тоқыма бұйым.

Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, немесе негіз дейді.  Матаға көлденен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау дейді. Негіз бен арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.

Негізді тоқыма өндірісінде дайындау үшін мынадай операциялар жүргізіледі: Жіпті қайта түсіру (орау), арқау шыбыққа орау, шлихта жасау, ремизбен бердоға теру.

         Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қайта түсіру жіп түсіретін машинада істеледі, ол иірілген жіптің ақауын түзетіп, үзындығын арттыру үшін жасалады.

         Сновка – иірілген жіпті көптеген бобиналардан бір арқау шыбық білтікке немесе тоқыма ұршыққа қайта түсіру. Жіптердің керекті саны алынады да, олардың ұшы тоқыма ұршыққа бекітіліп бір-біріне  қатарласа оралады. Бұдан негіз шығады. Жұқа жібек маталарды жасау үшін негізге тоғыз мыңға дейін оданда көп қатарланған жіптер кетеді.

         Шлихталау – яғни негізге желім жүргізу – негіз жібінің мықтылыған иілгіштігін тегістігін арттыру үшін негізді белгілі бір құраммен сіңіреді, себебі негіз тоқыма станогында қаты керіледі, ремизге, бердоға және өзі де өзіне үйкеледі.

         Шлихтаның ұн, крахмел, глицерин, т.б кіреді. Қазіргі кезде шлихтадағы тағам өнімдерін полиакриламид, натри селекозы сияқты химиялық заттармен алмастырылады.   

         Негізді ремизбен бердоға теру қолымен жүргізіледі.

         Ремизка дегеніміз екі таяқша, ортасында негіздің жіптерін өткізетін тесіктері бар галевтер орналасқан.

         Мата шығарғанда ремизкалар саны әрқалай болады, ол тоқыма өрнегіне байланысты. Тиісті тоқыма өрнегіне сәйкес алдымен ремизге содан соң бердоға өтеді.

         Бердо – екі жағы түйық жалпақ пластинкалардан жасалған металл тарақ. Сонымен қатар негіздің әр жібі ламельдің тесігіне киіледі. Ламель жіп үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады.

         Арқауды дайындау – иірілген жіп пен жіптерді собықтан, орамадан немесе бобинадан арнайы арқаулық ағашшпульге түсіру.

 

Тоқма өндірісінің ақауы.

            Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизімдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін  тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарында тоқыма ақауларының болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз болуына әкеліп соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырысады.

         Ақаулы маталарға төмендегілер жатады:

Жуықтама – негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

Өткінші аралық – арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

Негіздің шала өңделгені – негіз кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, арқаумен айқаспаған;

         Сүңгіме - арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде , негізбен айқаспаған;

         Кем тоқылған – арқау жағынан сирек жерлер;

         Жаншыма арқау жағынан тығыз жерлер;

         Бір қалыпты ұрылмаған – недосека мен забойнаның алмасуы;

          Қоспарлы жұп – негізі екі жіп бір жіптей айқасқан;

         Арқаудың ыдырауы – арқаудағы қысқа жуан жерлер, ол – арқау жібі бумасымен собықтан түсіп кетіп, сол бетімен тоқылған жағдайда болады;

         Арқаулық ілмектер, ілмек – ширатылмалар – арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;

         Жіптің түйіні арқаумен дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен болады;

         Жыртығы, ойығы, тігіндісі – тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсін болған көлемі арқалай тесіктер;

         Былғану мен май дақтары – матаға немқұрайлы қарағандақтан және тоқыма станоғын шылқылдата майлағандықтан болады;

         Түрлі арқау – ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқа орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;

         Тоқыма өрнегінің ауытқуы  - суреттің кейбір жерлерде тағайындаған суретке сәйкес келмеуі.

 

Маталардың өңдеу техналогиясы

Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп ) дайын мата алу үшін жүргізілетін физико -  химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны өңдеу деп атайды.

Матаның өңдедің мақсаты олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай товарлық түр беру.Өңдеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық құрамын ескереді. Мысалы өсімдік талшықтарынан жасалған маталарға өңдеу жүргізгенде қышқыл қолдану керек болса ерітінді концнтрациясы мен өңдеу уақытын мұқият қадағалау қажет, себебі матаның мықтылығы кеміп немесе бүлініп кетуі мүмкін.

 

Өңдеу операцияларының жүйелілігі әр матаға тағайындалған технологиялық желеге байланыты. Өңдеу процесінде кейбір операциялардың қайталануыда мүмкін. Мысалы, кейбір қалың барқыт түкті драп артикулдерін алу үшін түктеу мен қырқу бірнеше рет қайталанылады. Таза аппақ зығыр матасын алу үшін қайнату мен ағарту кезекпен төрт рет қайталанылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 69 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 199

Похожие материалы