Тұрақты тіркес
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Минтаева Назира Нурсыновна
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
•
Тұрақты тіркестер туралы мәлімет беру, өткен сабақтарда
алған теориялық білімдермен ұштастыру;
Дамытушылық:
•
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып,
байланыстыра білуге, өз бетінше жұмыс жасауға төсілдіру;
Тәрбиелік:
•
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз
тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың
типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы арнайы дайындалған
слайдпен жұмыс жасау, оқулық, фразеологиялық сөздік, сурет, сөзжұмбақ, ребус.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, оқулықпен жұмыс, “Кім
жылдам?” ойыны, топтастыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақ тілі, математика
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй
тапсырмасын сұрап, бағалау
Жаңа сабақ
Тұрақты тіркестер дегеніміз – бір немесе
бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздердің сыңарлары тұтасып барып, бір мағынаны
білдіреді.
Мысалы:
тас бауыр мағынасы
мейірімсіз ,
су жүрек мағынасы қорқақ
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды
мағынасы жақын сөздермен түсіндіруге болады.
Мысалы:
қыздың жиған жүгіндей – әсем, көрікті, көркем,
ит терісін басына қаптады – ұрысты, балағаттады, сөкті
111 - жаттығу
Антонимдік қатар
Көзге ілмеу – елемеу, өзіне теңгермеу
Көзінен таса қылмау – көзден сырт болмады, жіті бақылады
Бетінен қақпау – еркін өсіру
Бетінен алу – көңілін қалдыру, қарсы келу
Аузы – аузына жұқпау – жыпылдап тез сөйлеу
Синонимдік қатар
Аузына қақпақ болу = аузына құм құю = аузын аштырмау – еркін сөйлетпеді,
тыйым салды, көңілдегісін айтқызбады
Аузын алу = аузын майлау = ауыз бастырық беру – пара беру
Ә дегенше = көзді ашып- жұмғанша- лездің арасында, әп-сәтте
Аузы- мұрны қисаймай = бет –аузы бүлк етпей – ұялмай, шіміркпей
Басы қату= дал болу – не істерін блмей састы, әуреге салды
Аяғына бас ұру = аяғына жығылу – алдына барып жығылды, тәубе қылды, тізе
бүкті, кешірім сұрады
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.96 Mb |
Количество скачиваний: | 41 |