"Тәрбие көзі - отбасы" (ата-аналар жиналысының әзірлемесі)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тәрбие көзі – отбасы

(ата-аналармен жүргізілетін жиналыс)

Мақсаты: Отбасындағы тәрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын нығайту, ата-ананың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе сөз.

ІІІ. Оқушылардың тәртіптері мен оқулары туралы мәлімет. «Сауал – менен, жауап - сізден».

ІҮ. І жартыжылдықтың қорытындысы. «Көрнекілік насихат»: өткізілген іс-шаралар, оқушылардың шығармашылығы.

Ү. Жылдамдық ойыны.

ҮІ. Оқушылардың жетістіктері үшін ата-аналарды марапаттау.

ҮІІ. Кофе-брейк.

ҮІІІ. Ата-аналарға жаднамалар тарату.

ІХ. Қорытынды.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Ата-аналармен амандасып, орындарына жайғайстырып отырғызу. Іс-шараның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

 

ІІ. Кіріспе сөз. Адамның бақыты балада. Адамға нағыз бақытты ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Ата-ана алдында нәзік те, қиын, қоғамдық міндет тұр. Ол – бала тәрбиесі, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген сөз тегін айтылмаса керек.Ал бақытты бала толыққанды, сүйіспеншілікке толы, бақытты отбасында өседі. Бұл – заңдылық. Себебі отбасы игілігінің кепілі отбасы мүшелерінің мейірімінде, шынайылығы мен ықыласында, ой-армандарының бірлігінде жатқан жоқ па! Осындай ортадан шыққан балалар мектеп ілімін жеңіл игеріп, бойындағы қабілеттерін ашық көрсете алады,  олардың көкжиектері әлдеқайда кең. Өйткені олардың тәрбиесімен күллі отбасы айналысады. Әрі бұл үлкен еңбек, оны қоя тұруға, одан қол үзуге, уақытша тоқтатуға немесе демалыс алуға болмайды... Сонысына қарай марапаты да зор – дені сау, табысты әрі бақытты бала!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.84 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 140

Похожие материалы