Тәрбие сағаты 2 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Еңбек түбі - береке

Мақсаты:

Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.

Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: постер,әңгімелеу, сахналық көрініс

Көрнекілігі: даналық сөздер, слайд, бейнебаян

Барысы: І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. «Сыйлық сыйлау».

ІІ.Кіріспе бөлім. Еңбек туралы жалпы түсінік беру,әңгімелеу.


Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы,өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып,тиісті құрал-саймандар мен жұмыс

тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі.Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-

жігері,байлықты жасаушы.Ұлы ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық,аздырар адам баласын» деп,еңбектің адамның табиғи қажеті

екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»-деп,шегелей түседі.

Демек,адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарады.Еңбек - адамның жан дүниесін жаңғыртып,жігерін жанып,ой-қиялына қанат бітіретін

бірден-бір құдіретті күш.Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді», - деген екен.


Даналығы түпсіз терең,тарихи тәжірибесі ұшан-теңіз халық:

«Асық ойнаған - азар,доп ойнаған – тозар» деп,еңбектен аза бойы қаза болып қашатын еріншектерді «жатыпішер жалқау» деп жиренген.

ІІІ.Негізгі бөлім.

а) әдеби монтаж

Ақниет: Еңбекті сүй құрметте



Береке болар еңбекте

Жақын болшы еңбекке.



Диас: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей


Жарамайды қатты болу тікенектей


Білімің болсадағы ұшан – теңіз

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.



Сүлеймен: Еңбек – өлім жан қанатын қиятын


Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын


Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю


Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.

К. Асылай: Гүл өсірсең, терлеп,


Мұның аты ― еңбек.


Кесте тіксең зерлеп,


Мұның аты ― еңбек

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек

Қиындықтың


Еңбек қана жеңбек.

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың

«Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны тамашалаңыздар.


Ардақ (автор): Дастарханға шашылып


Жатты аппақ бауырсақ


Бауырсаққа қызығып
Қ

арап тұрып көзін сап.


Айгерім (қуыршақ): Қайдан келдің бауырсақ?

Гүлмамыр (бауырсақ): Дүкеннен келдім нан сатқан.

Айгерім (қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан?


Гүлмамыр (бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан.


Айгерім (қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан?

Гүлмамыр (бауырсақ): Дирменнен келдім ұн тартқан.


Айгерім (қуыршақ): Дирменге келдің қай жақтан?


Гүлмамыр (бауырсақ): Даладан келдім жан – жақтан

Жер – анам мені көсілген


Дихандар мені өсірген


Бейнебаян Нан туралы

Ән: Дастархан.

ә) тапсырмалар

1. топқа бөліну. «Айналмалы бекет» әдісі

2-тапсырма. «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

1 бекет:

- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?


(Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.)

2 бекет
-

Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

(Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.)

3 бекет:
-

Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

(Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.)

3- тапсырма: Топтастыру.

Сүйікті іс шынығасың


Тәрбиелейді жігерлендіреді

Дос табу ақша

қуаныш өмір сүруге үйретеді

4- тапсырма “Жұмбақ шешу”

- Әр топқа мен мамандықтар туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып, оның мағынасын ашып айтасыңдар. Жауаптарың дайын

болса жалау көтересіңдер. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда басқа топтан ойыншы жауап беруге болады.

Өрнектеп, сәндеп,
Т

iгiстерiн бүгетiн.
С

олпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)


Жалтылдап қалағы,
С

алатын кiм қаланы? (Құрылысшы)

Оның тiккен бұйымы,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)

Қалпағы ақ қарасаң,
Д

әрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)


Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,


Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)


Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

Шәкірттердің тірегі,

Мектептердің жүрегі. (Мұғалім)

Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы,

Жер астынан сұйығы


Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)

Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

Зымыранды ерттеген,

Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

Тыныштығын Отанның,
К

үзететін адам кім? (Шекарашы)

«Кім болам» бейнебаян көрсету.

-Ал сендер кім болғыларың келеді?

Оқушы ойлары: тақпақтар айтады.

5- тапсырма. Мақал-мәтел.


Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1

. Еңбегің қатты болса, татқаның ... болар.
2.

Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).

3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).

4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).

5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).

6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).

7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).

8. Берген – алар,…(еккен – орар).

9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).

«Сынып тынысы» Бейне баян көрсету.

Қорытынды. Еңбек Анет Айгерім

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 177 Kb
Количество скачиваний: 129
Просмотров: 442

Похожие материалы