Тәрбие сағаты "Ағайын, жекжат, халықтар сыйластығы"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Күні: 25.02.2014ж

Сыныбы: 10«ә»

Тақырыбы: Ағайын, жекжат, халықтар сыйластығы

 

Мақсаты: Оқушыларды бауырмалдыққа, сыйластыққа, үлкенді 

                     құрметтеуге, кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі : нақыл сөздер , оқушылар шығармашылығы, тақырыптық              

                      суреттер мен  туыстық ағашы

 

  Мұғалім : Қазақтар жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін-бірі бөтен санамаған. «Сұраса келе қарын бөле шығамыз» деп аты- жөнін сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған. Мыңнын түсін білгенше, бірдің атын біл деген сөз осы салтымызға байланысты айтылған. Бұл қазақ үшін бұлжымас қағида . Халқымызда туыстық  қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол - жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқ. Ескерте кететін бір жай туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі. 

 

     Осы орайда  бүгін  10 «Ә» сыныбында «Ағайын,жекжат,халықтар сыйластығы» деген тақырыпта  тәрбие сағаты өткелі отыр.Бұл тәрбие сағатын  – Туыстар басқосуы  деп атасақ та болады. Бүгінгі басқосуда біз ата- аналарымыз, бауырларымыз жайлы айтамыз.Ешкім де туысқан – ағайынсыз емес.Кім болса да адамнан тараған. Сонысымен ол көп жапырақты , тамырлы ағашқа ұқсайды.Туыстар сол бір түбірден өскен, бір ағаштың бұтақтары  тәрізді. Сол себептен біздің  ата- бабаларымыз « Туысым—түптамырым» деп бекер айтпаған. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.97 Kb
Количество скачиваний: 74
Просмотров: 220

Похожие материалы