Тақырыбы: "Баяндауыш" 8- сынып

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, алған білімдерін тәжірибеде қолдану

Сабақтың міндеттері:1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі, үйірлі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, жеке жұмыс істеуге үйрету.

3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, рефлексия, тест т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

¾ Сыныпта кім кезекші? Кезекші шаттық шеңберін өткізеді.

ә)Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

б) Рефлексия

1. Сенің көңіл – күйің қандай?

2. Сен бүгінгі күнге дейін нені білдің?

3. Нені үйрендің?

4. Болашақта нені білгің келеді?

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 5.19 Mb
Количество скачиваний: 81
Просмотров: 235

Похожие материалы