Тәрбие сағаты "Қарттарым асыл - қазынам"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Оразалина Гулум Бакытбековна
|
Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі- өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Жүргізуші: Аяжан
Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 24 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік кешке қош келдіңіздер!
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!- дей отырып әдемі әнге кезек береміз
Мөлдір мен Аяулымның орындауында «Әкешім» әнін қабыл алыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.99 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |