Тәрбие сағаты: «Ата заңнан тараған алтын шуақ» Сыныбы: 9 «А»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тәрбие сағаты: «Ата заңнан тараған алтын шуақ»

Сыныбы: 9 «А»

Мақсаты:

    -Оқушыларға конституция-еліміздің Ата заңы екендігін,оның елдегі басқа заңдардың бәрінен жоғары екендігін,мемлекеттегі барлық құқықтық нормативтердің конституция шеңберінде ғана жасалатындығын түсіндіру;

    -конституциялық құқықтық түсінігі,мәні,әдістері,нормаларымен оқушыларды таныстыру;

    -оқушылардың саяси санасын қалыптастыру мен еркін ойлау қабілетін дамыту;

    -жауапкершілікке,заңды сыйлауға баулу;

Кіріспе. Мұғалім

        Отызыншы тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні.  Конституциямыздың басты авторы-Қазақстан халқы. Конституциялық идеяларға шабыт беруші,оның бас конструкторы – Тұңғыш Президентіміз,Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”-деп түсіндірілген.

Біздің Ата заң – Тәуелсіздік, еркіндік және дамудың негізі.  Біздің Ата заң – бірліктің арқауы.   Конституция – жарқын болашағымыздың кепілі. 

Оқушы:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар 9 «А» сыныбының дайындаған «Ата заңнан тараған алтын шуақ» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 Қазақстан гимні

  Оқушы:

1993  жылғы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Кноституциясы біздің дамуымыздың кезекті кезеңі ретінде тарихта қалады.Тұңғыш Конституцияда қазақ ұлтының мүддесі сондай – ақ,елдегі барлық азаматтардың құқығы толық қамтылған.

      Тұңғыш Конституция өзінің негізі ретінде ұлттық мемлекеттік егемендігіміздің құрылысын негіз етіп алды.Өтпелі кезеңдегі Конституция қоғамдағы өзгерістерді түпкілікті қамтыған жоқ.

     Жұрттың бәріне мәлім ел Президентінің тапсырмасы және өзінің басшылық жасауымен 1995 жылы жаңа Конституцияның жедел жобасы жасалып,ол тамыздың 30-ы күні қабылданды.Біз сол күнді салтанатты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырдық.   

 Оқушы:

Негізгі Заңның негізгі бағыттарын талқылауда республика халқы зор белсенділік танытты.Бұл Мемлекет басшысының жоғарғы заңгерлік және адамгершілік сипатқа толы Конституцияны дайындаған Қазақстан халқы деген пікірн айшықтай түседі.

    «Біздің міндетіміз – Конституцияға ерекше құрмет білдіру, - деп атап корсеткен болатын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстандық жол» деп аталатын кітабында. Біз өзіміздің  елімізді,өзіміздің тарихымызды қалай құрметтесек, Конституциямызды дәл солай құрметтеуіміз керек. Конституцияға құрмет көрсетпейінше, оның баптарын мүлтіксіз орындамайынша, қоғамдағы келісім,тәртіп,бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мүмкін емес.Демек,Отанымыздың болашағын жарқын болуы да осыған байланысты».

      Еліміздің жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін қоғамдық  саяси дамуымыз тұрақты нығайып, стратегиялық,тактикалық өрістеуде өзгеше сипатқа ие болдық.

      Бүгінде салмақты,тұрақты ізгі мақсат көздеген,саясат ұстанған Қазақстан демократия негіздерін бекемдететін елге айналған.Ал, демократия жоғары заңдылықсыз көз алдыңа елестете алмайтын ұғым. Тәуелсіздік  жылдарында Қазақстан бұл ұғымды  ұлықтауда зор табыстарға жетті.

            Қазақстан Республикасының негізгі Ата заңы бойынша оқушылардың дайындап келгендерін ортаға саламыз.

    1-оқушы.ҚР Конституциясы қашан қабылданды және неше бөлім,баптан тұрады?    Осы жайында әңгімеле.1995 жылғы 30 тамызда-жаңа Конституция қабылданды.Конституция 9 бөлім,98 баптан тұрады.9 бөлімді атап өтсек, Жалпы ережелер,Адам және Азамат, Президент,Парламент,Үкімет,Конституциялық кеңес,Соттар және сот төрелігі,Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару,Қорытынды және өтпелі ережелер.Әрбір Қазақстан азаматы үлкені де, кішісі де,жас жеткіншек балалары да өз елінің Конституциясын жақсы білуі тиіс.Қазақстан Республикасының азаматы болу – зор құрмет.Біздің барлығымыз да «Қазақстан Республикасының азаматы» деген мәртебелі атаққа лайықты өмір сүруге міндеттіміз.

    2-оқушы.                           1-бап.

         Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,оның ең қымбақ қазынасы – адам  және адамның өмірі, құқтары мен бостандықтары.

    3-оқушы.                           3-бап.

1.       Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.

2.       Халық билікті тикелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады,сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

              Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете            алмайды.Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.

        Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің,сондай-ақ  өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар.Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіліктері шегінде ғана билік жүргізеді.

 4-оқушы.                          7-бап.

1.         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

2.           Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3.           Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

5-оқушы.                            9-бап.

               Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы,  Елтаңбасы,және Әнұраны.Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

6-оқушы.                            10-бап.

            1.   Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан,бірыңғай және тең болып табылады.

            2.   Республиканың  азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан,өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға,сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

            3.Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

7-оқушы.                            14-бап.

            1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

            2. Тегіне,әлеуметтік,лауазымдық және құқықтық жағдайына,жынысына,нәсіліне,ұлтына,тіліне,дінге көзқарасына,нанымына,тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

8-оқушы.                            17-бап.

1.    Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2.        Ешкімді азаптауға,оған зорлық-зомбылық жасауға,басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

9-оқушы.                             26-бап.

1.         Қазақстан Республикасының  азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2.         Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3.        Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыру болмайды.Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде  жүргізілуі мүмкін.

10-оқушы.                          27-бап.

1.      Неке мен отбасы,ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2.    Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың  етене құқығы және міндеті.

3.    Кәмілетке толған  еңбекке қабілетті  балалар еңбекке жарамсыз ат-анасына қамқорлық   жасауға міндетті.

11-оқушы.                      36-бап.

1.              Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2.           Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери  қызмет атқарады.

 

12-оқушы.                    40-бап.

1.    Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ацқындайтын,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2.    Республиканың  Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның  мызғымастығын, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны болып келеді.

3.    Республика Президентінің мемлекеттік биліктің барлық тармағының  келісіп жұмыс істеуін  және өкімет  органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.  

       Мұғалім оқушыларды тыңдай келе,олардың  Ата заңымыз жөнінде айтқандарын жинақтап,сабақты қорытындылады.

       Қазақстан Республикасының Конституциясын әрбір  азамат қадірлеп-қастерлеуге,адамдардың құқықтыры мен бостандықтарын,абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.             

13-оқушы

Ата Заң

Ата Заңым,

Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда –

Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда -

Күш – қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Хор: Елім менің

Оқушы:

Елбасы Н.Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында былай делінген:  «Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді.  Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.»-делінген

Оқушы:
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

 

Сөз соңында Н.Ә.Назарбаевтың «Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!» деген сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.34 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 178

Похожие материалы