Тәрбие сағаты "Айналайын, ақ мамам"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Айналайын, ақ мамам»

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,

сүйіспеншілікті артыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Плакаттар, шар, магнитофон, пректор, т.б.

Барысы:

Ұйымдастыру:

Кіріспе сөз.

Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер,кер маралдай керілген сіңілілер, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Айналайын, ақ мамам» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.

1-жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық, арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2-жүргізуші:

Қадірлі аналар көңілі,

Көктемдей жайнап, гүл ашсын.

Бақытқа толы өмірі,

Шаттыққа, шаттық ұлассын.

Хор: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен.»

1.Наурыздың бүгін сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

2.Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің.

Ұсынайық бүгін біз,

Сөздің сұлу шоқ гүлін.

3.Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

4.Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен тарайды.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

5.Мамаларды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

6.Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер баласын.

7.Ана көркі көгімнің,

Ана нұры жерімнің.

Ана бағы баланың,

Мақтанышы елімні.ң

1-жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз «Жақсы адам» көрінісі.

Ойын: «Мен мектепке қалай жиналамын»

8.Мамам мені «айым» -дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Мамам мені «күнім»- дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

9.Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Айналатын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

10. Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

11.Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы анашым.

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тіршілігімнің тірегі,

Уайымың болмасын.

12.Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып келем дегенше,

Шын саіынып қаласың.

13.Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әр балақан,

Анасына ұқсайды.

14.Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсін деймін шаттандырып.

2 -жүргізуші:

Саусағынан бал тамған,

Сан түрлі бүгін күйші бар.

Бұрала басып сөйлейтін,

Буынсыз сұлу биші бар.

Би: «Қуыршақтар»

Ойын: «Өз балаңды тап»

1-жүргізуші: Анамызға деген біздің көңіліміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

2-жүргізуші: Олай болса аналарымыз бен аруларымызға сыйлықтарымызды табыстайық. (Аналар мен қыздарға сыйлықтар тарату.)

1-жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық7

Аналады таң қалдырып,

Өнерден күмбез жасайық.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Бәрі: Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Құрметтейміз ананы,

Құттықтаймыз бүгін біз.

Ұландарды қуантып ,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Қорытынды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.8 Kb
Количество скачиваний: 76
Просмотров: 246

Похожие материалы