Тәрбие сағаты "Денсаулық зор байлық"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Абенова Бану Есенжановна
|
Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1)жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
2)қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.
3)дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:нақыл сөздер, тірек сызбалар, слайд, ойын түрлері.
Түрі: топтық сайыс.
Барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі.
2) Үй тапсырмасы.
Адам денсаулығы, оны сақтау жіне жеке бас гигиенасын сақтау туралы іс-әрекеттерімізді, ойымызды ортаға салуға даярланып келу жіне ұсыныс пікір айту.
3) Блиц-турнир сұрағы.(ой ашу)
а) тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы мен паста)
ә) ол судан қорқады, одан кір қорқады.( сабын)
б) денені шынықтыратын денсаулыққа әсері мол сабақ.(дене тәрбиесі)
в) адам өміріне ең қажетті заттар.(ауа, су, жылу,тамақ)
г) жалқаудың досы.(еріншектік немесе ұйқы)
4) Балалар жеке бас гигиенасын қалай түсінесіңдер?
Әр топ өз пікірлерін ортаға салады.
І топ. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрп әр-түрлі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақтылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.
II топ. Мектепге де, үйде де, тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.
ІІІ топ. Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысып, таза жүру.
ІV топ. Әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып,таза жүрсе оны аурудан сақтайды. Адам еңбекке қабілетті болып өсіп, дене құрылысы сымбатты болады. Мысалы: тісті таңертең және кешке жуып, таза ұстаса, тісің бұзылмай жақсы сақталады. Үнемі таза жүрсең денеңе жаман жаралар шықпайды т.с.с.
5) Тірек схемамен жұмыс. Ал балалар – «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Байлық туралы ой қозғау.
Байлық
Табиғат білім мал машина саябақ ақша
денсаулық
Мына сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсаңдар. Денің сау болса, білім аласын, еңбек етесің.Еңбектенген адамға мал да, машина да, саябақ та, ақша да бітеді. Олай болса, деніміз сау,құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
Денсаулық
Тазалық
Тамақ
Табиғат күш
Дене шынықтыру
6) Топтық жұмыс. Әр топ өздерінің күн тәртіптері туралы әңгімелер өтеді. І топ. Табиғат күштің қандай қажеттілігі туралы сыр шертесіндер? ІІ топ. Дене шынықтырудың маңызы қанндай? Өзің сүйіп отындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? Дене шынықтыру туралы өз ойың? Спорттың түрлері. ІІІ топ.Тамақ. Дұрыс тамақтану жолдары қандай? 1) Күн тәртібін сақтау...Тамаққа әр түрлі витаминдерді пайдалану. Тағамның пайдалы, зиянды жақтарын көрсету. Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті су. Осылар туралы әңгімеле. ІV топ.-Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың. –«Тазалық-саулық негізі. Саулық-байлық негізі»деген мақалдың мағынасын түсіндіру. –Таза жүретін баланы қалай атайды? -Оның достары?... 7) Сергіту сәті. Үнтаспадағы әуенге жаттығу жасау.
Денсаулықтың достары мен қастары
Еңбек Күн Су
Ауа
Дұрыс тамақтану Дұрыс ұйықтау
Күн тәртібі Дене күтімі
Жеміс-жидек
Ластық Арақ Темекі
Жалқаулық Еріншектік Насыбай
Ой тұжырымы: -Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? -Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? -Сендер қандай азамат болып өсулерің керек? (оқушылар жауаптары тыңдалады. Және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды).
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықты
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.1 Kb |
Количество скачиваний: | 82 |