Тәрбие сағаты "Ер есімі-ел есінде" 1-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Мухамбеткалиева Самал Сабитовна
|
Тақырыбы: «Ер есімі- ел есінде»
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, оқушылардың елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Көрнекілігі: «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты слайд, қабырға газеті, батырлардың суреттері, бейнеролик т.б.
Түрі: танымдық, тарихи
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Психологиялық дайындық
Әнұран орындату.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ғарышкерлер күні»
ІV. Жаңа сабақ
Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Мұғалім: 1941 жыл 22 маусымда таңғы сағат 4 - те Гитлер әскері тұтқиылдан шабуыл жасады.Кеңестер елімен «соғыспау» туралы жазылған шартын опасыздықпен бұзды. Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап - ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жапай бомбылады. Осы күннен Отанды қорғау соғысы басталды, халық қолына қару алып, майданға аттанды. Ата -бабаларың міне осылай, өз Отанын қорғап қалды. Сіздерге бақытты да бейбіт күн сыйлады.
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Көк түтінге көмемін деп көгімді,
Ес жидырмай еземін деп елімді.
Келді фашист жеңе алмады бірақ та
Бақыт үшін қаншама қан төкті.
Жеңіс күні - адамзат күткен күн, жеңістің туын тіккен күн, 1945 жылғы 9 Мамыр жауды тізе бүктірген айбынды күн. Осынау сұрапыл соғысқа Кеңес Одағының басқа да республикаларымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты. Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 миллион 870 мың қазақстандық болған. Біздің халқымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерлігін мақтанышпен айтып, еш естен шығармайды.
Әлия туралы бейнеролик көрсету.
1-Асылхан:
Даламыздың даңқысын
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен шоқ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
2-Гүлназ:
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жауды тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулемёті «Максим» оның,
Бойында күш жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жалын.
3- Әлішер
Халқымыз Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды әрқашан құрметпен есте сақтайды.
4- Дәулет
Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшылардың 22- сі қазақстандықтар еді.
5- Ердос
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар топталды.
Қасиетті жер үшін,
Әлия, Мәншүк, Төлеген
Жаулардың көзін жойды олар.
6- Еркеназым
Ер есімі ел есінде Кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ерлер ешқашан ұмытылмайды. Халық тыныштығы үшін, бақытты өмір үшін күресті.
Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Төллеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев, Баубек Бұлқышев, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Садық Жақсығұлов сияқты есімдері аңызға айналған аға-апаларымызды тарих бетіне «Батыр » деп жазып кетті.
бір минут үнсіздік
7-Айболан:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән- көрік.
Сергіту сәті
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
8- Гүлназым:
Жеңіс күні құтты болсын!
Құтты болсын аталар.
Ұмытпайды ешқашанда,
Жауынгерді балалар.
9- Жандос:
Сөнбе әрқашан күніміз!
Тілейді мұны жеріміз!
Тілейді мұны еліміз!
Тілейміз мұны бәріміз!
10- Орынбасар:
Сұм соғыс қайтып болмасын!
Бәйшешектер солмасын!
Бірлікпенен күн кешіп,
Бейбітшілік орнасын!
11- Нұрдаулет:
Арылтып жерден жауымды,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күні?
9 мамыр күні
12- Талғар:
Кептерлер қалқып ,көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк бойлап.
Отанымыз той тойлап,
Десеңдер бұл қай күні?
9 мамыр күні
13- Ескендір:
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
14- Сая:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
15- Альбина:
Қарамаңыз кішкентай бойымызға,
Биіктейді жыл сайын ойымыз да.
Біліммен де достасып, еңбекпен де,
Ел алғысын алармыз ержеткенде.
13-слайд « 9 мамыр - Жеңіс күні»
Ән:«Ел қорғауға әзірміз» хор
(барлық оқушы қолдарына ақ кептер ұстап тұрып, қимылмен орындайды.)
Осымен мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ер есімі - ел есінде» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Жеңіске 70 жыл! Мереке құтты болсын!
Енді тәрбие сағатымыздың екінші бөлімін «Өлкетану» бөлмесінің ашылу салтанатымен жалғастырайық.
Үйге тапсырма: Ұлы Отан соғысына арналған тақпақтар жаттау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 114.33 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |