Тәрбие сағаты "Жолда жүру ережесі"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтыңмақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен  таныстыру, осы «Жолда жүру  ережесін  сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын  дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс  жасауғатәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі: Сайыссабақ
Сабақтыңәдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, суреттеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жолбелгілерісалынғансуреттер, нақылсөздеркөрнекіліктер.

Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі:
І. Кіріспе:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы  тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан  бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина дөңгелегіне  ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат  алады. Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек  болып  қалады. Сондықтан әрбір оқушы  мектепте оқылатын «Жолда  жүру ережесі» тақырыбындағы  сабақты  мұқият  тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға  міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру  ережесін, заңын  бұзбайды.
Сонымен  қандай бала жол ережесін  бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.9 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 201

Похожие материалы