Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Біз жол қауіпсіздігі үшін" (5 сынып)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Тәрбие сағатының тақырыбы «Біз жол қауіпсіздігі  үшін»

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, және ойда сақтауға білуге үйрету, тәртіптілікке сақ болуға, көшеде өздерін ұстап жүруге тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Көрнекіліктер: Бағдаршам,  жол белгілері салынған суреттер, тақырыптық слайд, интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу

2. Оқушылардың назарын тақырыпқа аударту

ІІ. Тәрбие сағатының жоспары:

1. Кіріспе

2. Бағдаршам туралы түсінік

3. «Бағдаршам» ойыны

4. Жұмбақ шешу

5. Қорытынды

1. Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Мұғалім: Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар.

2. Бағдаршам туралы әңгімелеу. Бағдаршам қалалы жерлерде көшеде тұрады.Көшеде жүретін көліктердің жүрісін реттейді. Машиналар көшеде соқтығысып қалмау үшін адамдар бағдаршамды ойлап тапты.Люди придумали светафор, чтобы на улицах машины вовремя пропускали друг друга людей, чтобы люди могли спокойно перейти улицу.

Ал енді балалар тақтадағы жол  белгілерге назар аударыңдар.

  1.Жаяу жүргінші өтпесі.

  2. Тұрақ орны.

  3. Түзу қозғалыс.

  4. Оңға қозғалыс.

«Бағдаршам» өлеңі Ә.Табылдиевтің.

                   Қызыл көзін ашқанда,

                   Сынық сүйем баспа алға,

                   Сары көзін ашқанда,

                   Қарап қалма аспанға,

                   Жасыл көзін ашқанда,

                   Өте бергін, жасқанба.

3. «Бағдаршам» ойыны. Оқушыларға үш:қызыл, сары, жасыл дөңгелек беріледі. Қызыл жанғанда не істейміз? (тоқтайды). Сары көзі жанғанда не істейді? (дайындалады).  Жасыл жанса (жүреді)

4. Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,                                                       

Жол тәртібін нұсқаған. 

Өміріңді  күзеткен, 

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)                                                    

3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

7. Бір көзім: «кідір» дейді,

Бір көзім: «жүгір» дейді.

Бір көзім: «абайла» дейді,

«Қарап ал маңайға» дейді. (бағдаршам)

5. Қорытындылау.

Сұрақтар:

1. Мынау не? (Бағдаршам)

2. Бағдаршам не істейді? (Көшедегі көліктердің жүрісін реттеп отырады)

4. Бағдаршам қайда тұрады? (Көшеде)

5. Бағдаршамның қанша көзі бар? (3)

6. Бағдаршамның көздерінің түстері қандай? (сары,  қызыл,  жасыл)

7. Қызыл көзі жанғанда не істеу керек? Сары және жасыл жанғанда?

8. Бағдаршамның суретін салу.

 

     

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.91 Mb
Количество скачиваний: 73
Просмотров: 473

Похожие материалы