Тәрбие сағаты:«Жас жүрек соғар Абай деп»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыру. Білім мен ғылымға баулу. Дамытушылық: Оқушылардың Ұлы Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге  деген әуестігін, шығармашылық қабілеттерін, көркем сөз шеберліктерін арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлы тұлғаның өнегелі де өсиетті, сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу. Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 1-жүргізуші:Абай ата қазағымның тірегі                      Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.                      Төгетұғын сәулесі мен шуағын,                      Маңдайдағы жарқыраған күн еді.                      Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,                      Сен өлгенмен,мәңгі өлмес өлеңің бар.                      Ұғындырған осынау жас қадірін,                      Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,                      Танытқандай қазақтың қасиетін.                      «Жас жүрек соғар Абай» деп,                      Ұрпағың тұр алдыңда бас иетін.       Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Мұғалім: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,                    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» дегендей, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздеріне, даналық ойларына жәнеөмірдерегіне шолу жасаймыз. Сабағымыздың бір ерекшелігі сабақ соңынан алған әсерлерінді мынау үш түрге байланысты бересіңдер. Жасыл түс – сабақта Абай туралы жаңалық көп болды. Сары түс – Сабақ ұнады? Несімен? Күлгін түс – менің сезіміме әсер етті? Алдымызға осындай мақсат қойып, осы Абай туралы халықтың бір туарлары, қоғам қайраткерлері пікірін тыңдайық. 1-оқушы: Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалықтар көп. Абай-қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы,терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген-Абай» 2-оқушы: Ә.Бөкейханов: «Абай қазақ халқының мақтанышы. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Абай данышпан, философ» 3-оқушы: М.Мақатаев: Қуат алам Абайдың тіл күшінен,                                          Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.                                          Абай болып табынсам бір кісіге,                                         Абай болып түңілем бір кісіден.                                        «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,                                        Абай аққан бір сәуле сөнбеу үшін... Абай: Жүрегімнің түбіне терең бойла,            Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.            Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім.             Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма. 1-жүргізуші: Деп осы бір төрт жолға бүкіл өмірін сиғызып кеткен Абай. 2-жүргізуші: Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей обылысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Туған жылы – жылан.Ибраһим деген атын бұзып, Абай деп қойған шешесі екен. Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, руы – Тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.        Жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 40.52 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 196

Похожие материалы