Тәрбиелік шара жоспары

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Ыбырай мұралары мәңгілік

(Педагогикаданшығармашылық шеберхана ББМ-02,03,21, ӨӨТ-02 топтары)

Жауаптылар: Турагулова Б.Т:

Сакенова А.С.

Формасы: Үш ауылдың кездесуі

Мақсаты: Ы.Алтынсаринніңкөтерген тақырыптардың оқыту мен тәрбиедегі мәнін, бүгінгі өмірмен байланысын таныту: Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбегін жастарға үлгі-өнеге ету, туған елге пайдалы іске шақыру:Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, грамоталар.

Өту барысы

1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Студенттер! Құрбылар!

2-жүргізуші:

Сіздерді бүгін «Ыбырай мұралары мәңгілік» атты ісшараға келгенқұрметті қонақтар деп қуанышпен қарсы аламыз!

1-жүргізуші

Бүгінгі күн 19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлылардың бірі, қазақ халқының маңдайына біткен бақыты, қазақ даласында тұңғыш рет білімнің қоңырауын соғып, мектеп ашқан Ыбырай атаның мерекесіне, еске алуға арналған күн.

2-жүргізуші

Ұлы ағартушы, жаңашыл ұстаз, ғалым-этнограф Ы.Алтынсариннің туғанына ескіше 20 қазанда 172 жыл толды.Ендешебүгінгі ісшарамыз айтулы датаға арналады.

1-жүргізуші

Ъ

Ы.Алтынсариннің туып өскен ортасын, білім алу жолын, туған елінің өміріне тікелей араласуын сіздер жақсы біледі деп есептейміз.

2-жүргізуші

Ал олқылау жерлеріңіз болса қысылмаңыздар, осы жерден толық мәлімет алып кететіндеріңізге сеніңіздер.

1-жүргізуші

Үш ауылдың кездесуін бастамас бұрын әділ шешімін берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Суйінкина Пиалаш Балтақызы- Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері

2.Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы- психология пәнінің оқытушысы

3.Жұматаева Зибагүл Жұмағалиқызы- қазақ тілі пәнінің оқытушысы

2-жүргізуші

Бүгінгі кездесу 6-турдан тұрады:

1.«Ауыл» атын қорғау.

2.«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» білім сайысы

3.«Өнерлі өрге жүзер» көрініс

4.«Шығармашылық»

5.«Тапқырлық»

6.«Ыбырай ата атындағы оқу орнына оқуға келіңіз» жарнама

1-жүргізуші

Таразыныңекі басы тең болсын десек, сайыс өз деңгейінде жүру үшін 3 топ басшыларын ортаға шақырамыз.

3-топ

2-жүргізуші

Бірінші сайыс«ауылының» атын қорғау.Сөз«» ауылына беріледі.

Келесі ауыл «»

Үшінші ауыл

1-жүргізуші

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, келесі сайысқа көңіл аударайық

Ортаға «» ауылын шақырамыз.

1.1841,1850 және 1879 сандарын сөйлетеміз.

2.ЫбырайАлтынсарин өте ерте әкесіз қалды.Оның әкесі Кенесары Касымовтың әскерінің қолынан қаза тапты.Осы уақытта Ыбырайға да қауіп төніп тұр еді.Осықауіптен құтқарған кім? (Жетібай Өтемісов)

3.Оны үш жасында өз тәрбиесіне атасы алады. .Ы.Алтынсариннің атасының аты кім? (Балғожа)

4.Ы.Алтынсарин қанша оқу орнын ашты? (13- 4 екі кластық орталық училище,1 қолөнер училищесі,1 қыздар училищесі,5 болыстық мектеп, 2 орыстарға арналған училище)

5.Ы.Алтынсарин қандай оқу құралдарын құрастырды? («Қырғыз хрестоматиясы», «орыс тіліне үйретудің бастауыш құралы»)

6.Ы.Алтынсариннің очерктерінде нақты сипатталған халықтың салт-дәстүрлерін ата? (құда түсу, қыз ұзату,өлікті жерлеу)

7.Бұл салт-дәстүрлердің кейбірэлементтері әлі де маңызын жойған жоқ, ендеше келесі сұрақ: Күйеу баланың қалыңдыққа біріні баруы (Ұрын келу)

8.Қазақстанда қандай оқу орындары Ы.Алтынсарин атында? (Арқалық, Рудный)

9.Ы.Алтынсариннің туысының атынан жазылған өлең қалай аталады? (Балғожаның баласына хаты)

2-жүргізуші

Сөз «» ауылына беріледі.

1 1844, 1857, 1889 сандарын сөйлетеміз.

2. Атасы Балғожа Ыбырайдың білім алуына көп көңіл бөледі, сол уақытта қазақ мектептері ашыла бастайды.Атасы осы мектепке немересін жаздыртады. Осы мектеп қайқалада ашылды? (Орынборда)

3. Осы мектепті Ыбырай «үздік» аяқтайды. Мектепті бітіріп шыққанда қандай тілдерді меңгеріп шыққан? (орыс, араб, татар, парсы)

4. Ы.Алтынсариннің неше баласы болды? (екі қыз бен екі ұлы)

5. Қыздарғаарналғаналғашы мектептер қай жерде ашылды? (Ырғыз, Торғай, Қостанай, Ақтөбе)

6.Ыбырай өзінің ағартушылық қызметінде кімдердің идеяларын басшылыққа алды?)К.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой)

7. Ыбырайдың әйелінің аты кім? (Айғаныс)

8.Ы.Алтынсарин есімі осы оқу орнына қай жылы берілді? ()

9. Ы.Алтынсариннің табиғат туралы өлеңдерін ата (Өзен, Жаз)

1-жүргізуші..

«» ауылын ортаға шақырамыз

1.1860,1864 ,48 сандарын сөйлетіңіздер

2.Ы.Алтынсариннің туған жерін атаңыз (Қостанай облысы Затобол ауданында)

3.Ыбырайдың оқу құралы бәрімізге белгілі қандай өлең жолдарымен басталады? (кел, балалар оқылық)

4.Ең алғашқы екі кластық училище қайда ашылды? (Ырғызда)

5.«Аз жұмысты азсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың....» қандай шығармасынан? (Әке мен бала)

6.Ы.Алтынсариннің мұғалім туралы айтқан нақыл сөзі? (Мұғалім-мектептің жүрегі)

7.Ыбырайдың есімімен байланыстыайтылатын «тұңғыш»

Деген сөзді сіздер қалай түсінесіздер? (табиғат лирикасын бастаушы, оқулық жасаушы, балалар әдебиетінің негізін салушы, әңгіме-проза жанрын бастаушы, жазба әдебиетімізге аударма үлгісін әкелуші, мектеп ашқан адам)

8.Ыбырай Алтынсарин ұзақ уақыт Қостанайдан 3 шақырым жердегішағын көлдің жиегінде орналасқан ауылда тұрады.Осы көл кейін қалай аталады? (Инспектор көлі)

9.Оқытуда Ыбырай алдына қандай мақсат қойды? (қазақ халқын орыс мәдениетіне жақындату)

2-жүргізуші

Ы.Алтынсарин қазақтың өзара қоғамдық қарым-қатынасында ескілікті әдет-ғұрыптың қандай орын алып келгенін біраз зерттеп, оның әлеуметтік өмірде қандай маңызы болғаны жөнінде дұрыс ғылыми пікірлер айтып кеткен.Соныңбірі Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау , өлікті жерлеу дәстүрлерінің очерктері.

1-жүргізуші

«Жігітке жеті өнерде аз» жегендей, ұстазға да өнер саны шектелмейді.Ол педагогикада қолданбалы қабілет деп аталады. «Өнерлі өрге жүзер» демекші, қазір өнер сайысын тамашалап, болашақ ұстаздардың қолданбалы қабілеттерін көрейік!

1.

2.

3.

2- жүргізуші

Ыбырай-үлкен тұлға, тұтас тарих.Оның еңбегі –шежіре, ерлік.Оның еңбектерін айтып тауысу мүмкін емес.

1-жүргізуші

Ыбырай өз шығармаларының қайсын болсын нақыл сөздермен аяқтайды немесе өз сөзімен даналық білдіреді, ғибрат қалдырады.Ол ауыз әдебиеті үлгілерін, аңыз әңгімелер, батырлар жырын, мақал-мәтелдермен жұмбақтарды да кеңінен қолданған. Ендеше кезек мақал-мәтелдерге беріледі. .

2-жүргізуші

«Мың қосшыға бір басшы» дегендей, кезекте осындай басшыларды сайысқа шақырамыз Әр топ басшысына мақал беріледі, ол тобына ым-ишарамен көрсетеді, шешімін үш тілде айту керек:

1.Бейнетсіз рахат жоқ- Нет счастья без труда

2.Ісі жоқтың асы жоқ-Кто не работает, тот не ест-

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 66.5 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 202

Похожие материалы