Тәрбиелік шара "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні"2-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы:          “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!”
Мақсаты:               Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі  халықтарының    Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық     

мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпы

үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екені

ашып көрсету.
Түрі                          тәрбие сағаты
Көрнекілігі:             нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер,ұлттық тағамдар.

Тәрбие сағатының жүрісі:
1. Наурыз – думан.
2. Наурыз – жыл басы
3. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
4. Наурыздағы салт – дәстүрлер
5. Ата – салтың – қазынаң.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
І. Наурыз – думан
Ән: «Наурыз думан» - әнін бейнебаян арқылы тыңдау.

Нұрасыл:Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!

 

 Нұрдаулет:Аманбысың ардақты халқым менің
Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе - теңің.

Толғанай:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн - көктем.
Жарығымен, шуағымен күн - ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Қош келдің, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.

Дана:Қиыры жоқ менің байтақ далама
Әсем, көркем ауылыма, қалама
Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді
Сырлы әніне құлақ түрмей болама?
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.

ІІ.Мұғалім: Наурыз – жыл басы
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы! – дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ.
Назерке: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

IV.Мұғалім: Наурыздағы салт – дәстүрлер
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт - дәстүрлерге берсек …
Гүлназ: Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
Аян: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Аружан: Наурызнама – шат – шадыман, ойын - сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Би: Қара жорға  Сынып оқушылары түгел би билейді.
Бағдәулет: Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Эльназ: Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т. с. с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

Мерекелік дастархан: Ата аналарды, оқушыларды мерекелік дастарханға шақыру, наурызкөже мен бауырсақтан дәм татқызу

Бейнебаян тамашалау. Наурыз мерекесінде көрсетілетін  дәстүрлер туралы түсінік беру.

V. Мұғалім: Ата – салтың – қазынам
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы - қарта т. б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не?

Толғанай:халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т. б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)

Нұрасыл:  Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға , наурыз көже дайындаған  әжелерімізге арнап  сыныптасымыз  Нұрдаулеттен  наурыз бата сұраймыз.  Нұрдаулет сыныптастарыңа , ұстаздарға, ата аналарымызға  батаңызды беріп жіберіңіз!
Нұрдаулет: Наурыз бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын! Әумин деп бет сипайды.

Дана: Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1013.58 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 114

Похожие материалы