Тренинг "Мен қандаймын"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Шамеденова Эльмира Хасановна
|
Тренингтің тақырыбы: «Мен қандаймын»
Сынып: 5б Өткізілген күні:
Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды, құрбы-құрдастарды, достарды сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Міндеттері:
1. Оқушыларға бір-біріне дегенмейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;
2. Сыныптастарын, достарын сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Достық туралы суреттер, интерактивті тақта, ақ қағаз.
І. Шаттық шеңбері:
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды боламын!
ІІ. «Мен қандаймын» пікірталас.
ІІІ. Бой түзеудің 10 құпиясы.
ІҮ. Өміршеңдік ережесі.
Ү. «Қуыршақ» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ішкі дүниесімен танысу, ойларын ашық айтуға машықтандыру.
Жүру барысы: Оқушыларға ақ қағаз үлестіріліп беріледі. Сол қағаздан әркім өз ойындағы, қиялындағы қуыршақты жасауы керек. Оқушылар бір-бірлеп өзінің қуыршағын таныстырып, сол жайлы айтып беру керек.
ҮІ. Ойланайық, пікірлесейік.
1.Құрметтеу,сыйлау дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Сендер бір-біріңді қалай сыйлайсыңдар?
3.Біреуге ренжіген уақытта қандай күйде боласыңдар? Мысал келтір.
4.Кешірімді болу, түсіністікпен қарау дегенді қалай ойлайсың?
ҮІІ. Жүректен-жүрекке.
ҮІІІ. Қорытындылау.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.61 Mb |
Количество скачиваний: | 62 |