Тренинг сабақ ҰБТ және біз

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Біз және ҰБТ

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге сенімділікпен дайындалуын, стресс жағдайларын жеңе білулерін қамтамасыз ету. Жүйкелік –психологиялық күштенуден арылуға жағдай жасау және кеңес беру.

І. Тренинг шарты

1. Берілген тапсырмадан тыс қалмау;

2. Бірін-бірі тыңдау және сыйлау;

3. Бір-біріне қолдау көрсету;

4.Уақытты тиімді пайдалану;

5. Жағымды эмоция тудыру

ІІ. Тренинг жоспары:

1.«Мен қалаған есім»

2. «Қар қиыршықтары»

3. «ҰБТ» -ол ...»

4. «Стресс және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар»

5. Тест. Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтау. (М.Е. Литвак)

6. «Ақ парақтың екі бөлігі»

7. Өз қорқынышыңды жеңе аласың ба?

8. «Мен кіммін» әдістемесі

9. ҰБТ психологиялық дайындық ережелері

10. Қорытынды «Майшам»жаттығуы арқылы аяқталмаған сойлем

Психолог сөзі: Құрметті мектебіміздің түлектері бүгінгі тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер.Тренингімізді бастау үшін тренинг-сабағымыздың жоспары және шарттарымен танысып алайық.

1.«Мен қалаған есім» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптастыру, тренингке белсенділігін арттыру.

Нұсқау: Оқушылар өздеріңді қалай атағанды ұнатасыңдар? Ата-аналарың, достарың, мұғалімдерің, туыстарың,сыныптастарың?

Релексация: Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін өзіңді солай атауын қалайсың ба?

2. «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар- ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.82 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 158

Похожие материалы