Төрт түлігім - ырысым
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Узакбаева Бибинур Нахуовна
|
Кіріспе сөз. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Мал олардың киімі, көлігі, тамағы. Бір сөзбен айтқанда, барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты айтқан. Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп-бағуды, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасы қажетіне қарай, іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, мүйізін, сүйегіне дейін өз қажетіне ұқсата білген. Сондықтан қасиетті төрт түліккке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.
Жүргізуші: төрт түліктің өсуіне байланысты әр түрлі атаулары бар. Кәне атап беріңіздер. (оқушылар төрт топқа бөлініп, төрт түліктің бірінің суретін ұстап тұру) Әр топтағы оқушылар өздеріне сәйкес малдың қадір-қасиетіне айтады.
І топ оқушылары: түйе, оның өсу, аталу жолдары мынадай: бота, тайлақ, буыршын, бұзбаша, інген, атан, бура. Түйені қасиетіне қарай: біртуған, бекпатша, күлпатша, нар, аруана, жанпоз, мая, желмая, айыр, қоспақ, балқоспақ, үлек деп бөледі. Түйенің азғын түрлері: көрт, көйін дейді.
ІІ топ оқушылары: жылқы: құлын, тай, жабағы, құнан, байтал, дөнен, бие, ат, сәурік, айғыр деп жасына қарай ажыратылады. Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдаулыларын мінген. Олар: жорға, сужорға, текежәуміт, жүйрік, тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгүлік, пырақ, арғымақ. Жылқыны жүрісіне қарап былай жіктелген: аяң, жортақ, бүлгек, желбасар, желіс, шоқырақ, шабыс.
ІІІ топ оқушылары: сиыр жасына қарай былай аталады. Олар: бұзау, баспақ, торпақ, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.
ІҮ топ оқушылары: қой жасына қарап былай аталады. Олар: қозы, көбеген, марқа, көрпеш, торпақ, тайынша, қашар, бағылан, тұсақ, көбей, кебе, іскек, азбан, ақауыз, қой.
Ешкіні жасына қарай былай атайды: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке, саулық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.7 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |