«Түсіністік пен достық»

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:


Тақырыбы: «Түсіністік пен достық»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға түсіністік пен достық туралы ұғым қалыптастыра отыра, бір – бірін сыйлауға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: адамгаршілік тәрбие арқылы оқушылардың бойына өзіне, қоршаған орта адамдарына деген деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, тақырып бойынша білімін дамыту.

Көрнекілігі: Слайдтар, төс белгілері, түрлі жазулар, т.б.

Сабақтың әдісі: Жарыс – ойын түрінде.

Жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе сөз.

Оқытушы: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамда болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді. Біз құқықтық мемлекет орнықтыруды мақсат етіп отырған елміз. Барлық адам бір – бірімен тез тіл табысып, тату өмір сүруге талпыну керек. Сол себепті де біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Түсіністік пен достық» тақырыбында болмақ. Тәрбие сағатымыз ойын – жарыс бағытында болмақ.

Ең алдымен сайысқа қатысатын екі топпен таныстырайын:

«Әділдік» тобы және «Шындық» тобы. Сондай-ақ әділқазылар алқасымен таныстырып өтеміз.

Бүгінгі сайыс 4- бөлімнен тұрады. Әр бөлімде арнайы тапсырмалар берілген.

Екі команда өздерін таныстырып, төс белгілерін қорғайды (уақыты 5 минут).

І. Таныстыру.

І-топ «Әділдік» тобы.

Аталы сөзге арсыз жауап қайырар,

Қай заманда да ақ пенен қараны

Тек әділет пен шындық айырар

Еділ ердей Бейбарыстың ұрпағы

Елімнің түп қазығы болып табылар.

Ұраны: «Әділ би – халық үшін

Залым би – құлқыны үшін».

ІІ-топ «Шындық» тобы.

Қара қылды қақ жарған тура билер,

Қорғады халық қамын, елдің мұңын.

Біз айғақпыз, қорғауға сенімдіміз

Ер қазақтың дүниеде биіктігін.

Ұраны: «Тура биде туған жоқ

Туғанды биде иман жоқ».

Тренинг: Көшбасшылық ойын.

ІІ – бөлім. «ОЙ СЕРГІТУ»

Тұлғаның бағыттылығын анықтау. Мұнда топ студенттері берінген тест сұрақтарына жауап береді.

ІІІ – бөлім. «ҚАС – ҚАҒЫМ СӘТ»

1-топ: «Мені қоршаған адамдар»

2-топ: «Досы көпті жау алмайды»

Берілген тақырыптар бойынша екі топ өз ойларын айтып, сөз соңында тақырып бойынша «5 жолды өлең» стратегиясы бойынша 5 шумақ өлең құрастырулары керек.

«НАҒЫЗ ДОС» - өлең оқитын

Тренинг: Конфликт.

ІV – бөлім. «КЕЗДЕЙСОҚ МАРАФОН»

Сұраққа жауп беру.

1)Сиырдың пірі(Зеңгі баба)

2)Қазақстан Републикасының мемлекеттік тілі(қазақ тілі)

3)Басты байлық(денсаулық)

4)Ел басқаратын адам(елбасы)

5)Ал мектепті басқаратын адам(директор)

6)12 ай(жыл)

7)Абай әжесі(Зере)

8)Көру мүшесі(көз)

9)9-мамыр қандай күн(Жеңіс күні)

10)Қобыландының тұлпарының аты(Тайбурыл)

11)”Менің атым Қожа”повестінің авторы(Бердібек Соқпақбаев)

12)Қазақстанның туында не бейнеленген(көқ фонда алтын күн және қыран)

13.Ресей халқының тілі(орыс тілі)

14.Біржанмен айтысқан ақын қыз(Сара)

15.Қазақтың ұлттық аспабы(домбыра)

16.Есту мүшесі(құлақ)

17.Түйенің жүгі(өркеш)

18.Бәйшешек қай жыл мезгілінде бүршік жарады(көктем)

19.Жердің бетіндегі өсімдік өсетін қабат(топырақ)

20.Күйді орындайтын адам(күйші)

21.Адамды биікке жетелейді(арман)

22.Қолымызға нені ұстай алмаймыз(сөз,әуен,ауа,жарық т.б.)

23.Сарамен айтысқан ақын(Біржан сал)

24.Жылу,жарық көзі(күн)

25.Құрып бара жатқан жануар,жыртқыштарды енгізетін кітап(Қызыл кітап)

Ойымды жалғастыр.

1. Ынтымақ арыс қазығы, (уәде жанның азығы) 5 ұпай

2.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3 ұпай

3.Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 5 ұпай

4.Білім инемен құдық қазғандай 4 ұпай

5.Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды) 5 ұпай

6.Өнер ағып тұрған бұлақ ,(Ғылым жанып тұрған шырақ) 4 ұпай

Тренинг: Бұл не?

ІІІ. Қорытынды.

Міне, балалар, біз бүгін жарыс-ойын түрінде өткізген кешімізде өзіміздің адамгершілік, сыйластыққасиеттеріміздің қаншалықты деңгейде екендігін көрсете білдік. Болашақта маман не, қарапайым азамат ретінде өз ойын қорғай алатын адам болуы үшін үнемі білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Болашақ еліміздің тағдыры өз қолдарыңда.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 244.89 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 79

Похожие материалы