Тсәрбие сағаты тақырыбы " Сарғайсада тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың   тақырыбы:  «Сарғайсада тарихты  ақ  парағы,ол  күндер  мәңгі  есте 

                                                                                сақталады»

Сабақтың  мақсаты:

      1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, Туған жерін сүю, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2. Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

        Көрнекілік: Мәңгі алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем безендірілген «Отан үшін – от кешкендер» тақырыбы бойынша плакат ілінген. Ерлік жайында түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер ілінген.

 

1-Жүргізуші:

Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған   қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. .

            2-Жүргізуші:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын  бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 67 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

            1-Жүргізуші: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

 

              Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды.Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның  сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.97 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 100

Похожие материалы