Түсті металл кендері

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Тақырыбы: Түсті металл кендері Мақсаты:  Түсті металл кендері туралы түсінігін толықтыру.                     Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау, ойын толық айту қабілеттерін дамыту.                      Туған елін сүюге, оның әрбір байлығын қадірлеуге, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, түсті металл түрлері. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:  Сабаққа  әзірлігін тексеру.Бір-біріне жақсы тілек айтқызу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: -Пайдалы қазба  аталу себебін айт. - Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар? -Шойын қалай өндіріледі?   Болат ше? -Қара металдан  қандай металдар  қорытылып алынады? Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап. Мазмұнын сұрау, дәптерлеріндегі тапсырманы тексеру. IІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Түсті металл кендері. ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Түсті металл туралы түсінік беру. Әр бір түсті металл ,өздері күнде көріп жүрген түсті металл туралы жеке –жеке тоқталып түсіндіру. Түсті металл ішіндегі ең көп тарағаны  алюминий екенін айту, оларды тұрмысымызда қалай пайдаланып жүргенімізді айту. Мысты  күнделікті қайдан көреміз? Алюминий –ең жеңіл түсті металл. Мырыш  ---көкшіл сұр түсті металл. Шелек, леген, астау мырыштан жасалады. Мырышты тот баспайды.Қорғасын мен мырыш қосылып  полиметалл кенін құрайды.Поли—көп деген сөз. Сарамандық жұмыс. Картадан түсті металдарды  шартты белгісі бойынша  табу. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу Түсті металдарды, олардың қасиеттерін  әр оқушы айтып қорғайды. VI. Бекіту кезеңі: Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады? VII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 45,46,47,48- беттерді оқу, мазмұны.Дәптерге 48-беттегі кестені толтыру. Бағалау. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.9 Kb
Количество скачиваний: 70
Просмотров: 215

Похожие материалы