Туған жер туралы өлең

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тәуелсіз елім менің Қазақстан,

Мен осы өз елімді мақтан тұтам.

Тұрақтанған әр елдің ұлт шырағы,

Көктерде желбіреген көк байрағы.

Мәнгі өшпейтін жүрегі зайырлы елім,

Қазақстан ол менің тұғырлы елім,

Жоқ осындай ел мен үшін жаннан қымбат,

Мен осы өз елімді мақтан тұтам.

Ғалымда бар, дана да бар бұл елде,

Әншілер де шығады,кемеңгерде,

50 елдің қатарына қосылам деп

Еш мойымай ұмтылған сол бір күнге.

Қазақстан!Ашық аспан!Кең далам!

Таулары биік аспанмен таласқан.

Табиғаты тамсандырар ғаламды,

Көктем құсы ән салдырар адамды,

Биік биік тауларына көз жетпес,

Көрдіңдер ме Қазақстандай даламды!


Ауылым сағынышым


Сарыағаш жүрегімнің төріндесің,

Сағынып әлі күнге келудемін.

Қанша алыс кетсемде мен өзіңнен,

Ешқашан сөнбейсің сен жүрегімнен.

Абайдай жылы ауыл жоқ еш мен үшін

Ауылым сенімен ешкім теңелмесін

Күннің ыстық шуағын таратқан соң,

Мен қалайша басқа жерді армандайын?!

Қайран ай! Достармен сауық сайран құрған кездер,

Олардың мейірімін сезген күндер,

Сағындым өздерінің күлкілерін...

Армандаймын тағы келер сол бір күндер.

Күлкілері сыңғырлай естіледі,

Күнде оларға қараумен күнде өтеді,

Періштелер емеспе әлі күнге?

Періштеге ешкімде теңелмейді.

ББМ – 02 тобы

Тоймбетова Жұлдыз

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.39 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 193

Похожие материалы