Тәуелсіз Қазақстан - көпұлтты алтын ұя.
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Мусаева Меймангуль Зайнидиновна
|
«Көпұлттыболуымыз – біздіңбайлығымыз, мақтанышымыз,
тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату – тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстан тарихының едәуір бөлігі – оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өз ара іс – қимылдардың тарихы. Әлемдік тарихта Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабаққасып келеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 36.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |