"Тәуелсіздік баға жетпес құндылық" спроттық сайыстың жоспары

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Күні: 8.12.2014 жылы

Тақырыбы: Тәуелсіздік баға - жетпес құндылық
Мақсаты: Отанымыз Қазақстан мемлекеті туралы түсініктерін кеңейту. Ұлттық ойындарға қызығушылықты, сүйіспеншілікті дамыту. Тіл мерекесін, қазақ тілінің маңыздылығын сезіндіру. Отанға деген сүйгіштікі, ұлтжандылыққа, Отанды ардақтап, аялауға, қастерлеуге, құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу, мерекелік көңіл - күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Слайд, қазан, қағаз, кегли, гимнастикалық отырғыштар, жалаушалар, эмблема, музқ сүйемел(сд, мини диск) меже, ұлттық бұйымдар.

Әдіс - тәсілдер: Эстафеталық жарыс.

Салтанатты ашылу рәсімі
Мұғалім
Құрметті көрермендер «Салауатты өмір салтын сақтайық» ұранымен тіл мерекесіне арналған «Ұлттық ойындар» атты спорттық – эстафета ойындарының қатысушы командаларды ортаға шақырамыз
Парадтың салтанатты ашылу әуені (марш) орындалады.

Мұғалім
Қайырлы күн құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар! Бүгінгі эстафета ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер!

Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боласың
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасан да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып,ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық,қане,халқым!
Жарысқа қатысушы 7 сынып оқушыларын 
ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.

Қазақстанның саңлақ спортшылары арқылы әлемді таң қалдырып жүрген Қазақстанның спорт дүниесі бүгінде даңқты шындарға ие болуда. Еліміздің спорт мәдениетін көтере отырып, ертеңге барар жолда рухани әсемдік және дене шынықтырудың маңызын нығайту бағытында атқарылып жатқан істердің бір мәні – спорт әлемінде.
Бүгінгі спорт аренасында қызу жеңіс пен достықтың бірлік қасиеті жандана берсін деп тілек білдіреміз.
Парад залмен жүреді. Командалар  қатарға тұрады.
Мұғалім:
Тік тұрыңдар!
«Шеру оңға» Қазақстан Республикасының көк байрағына қарап «Тік тұрыңдар!»
Командалар Қазақстан Республикасының көк байрағына тік қарап тұрсын.
Қадірменді қонақтар! (Еліміздің ән ұраны орындалу рәсіміне оң қолдарын жүрек 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 674.45 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 142

Похожие материалы