Здесь была ссылка на работу Туркестан - город сказка автора Игисенова Гаухар Жангирхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру қажет деп білеміз.Осыған орай поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға,ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын — Мағжан Жұмабаевты ерекше атауға болады.Мағжанның азаматтық, патриоттық, елжандылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық көп.Ақын туған елін сүйді,туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты.Туған халқы туралы айтқанда,оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, пір тұтады. Ақынның “Түркістан” өлеңі арқылы Шығыстың, оның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына көз жіберу, ақынның көркемдеуіш тәсілдерді тиімді қолдана білгендігін айқындау, қазақтың рухани астанасы – Түркістанның өткені мен бүгініне шолу жасай отырып, бүгінгі сауда – саттық орталығы ғана емес, мәдениет ошағы, адамның рухани жан дүниесінің даму орталығы, имандылық ошағы – Түркістан қаласының мәртебесін асқақтату, көтеру.