Туындыны табу ережелері сабақ жоспары (10 сынып)
| Предмет: | Математика |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Нуртазина Кенжегул Жексеновна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Жас кезіңде алған білім,
Тасқа жазған жазумен тең.
Есейгенде алған білім,
Құмға жазған жазумен тең
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған;
ә) дамытушылық: Оқушылардың және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту;
б) тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту бір - біріне көмектесу адамгершілігін, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Оқушылардың білімін, біліктілігін тексерeу сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, есептеу, жеке, тест
Сабақтың көрнекілігі: Туынды ережелері жазылған плакат, карточка.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі
Сабақтың кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Негізгі бөлім
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Ү. Оқушылар білімін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 47,2 КБ |
| Количество скачиваний: | 71 |